» » Айыппұлдың күшін қалай жоюға болады?

Айыппұлдың күшін қалай жоюға болады?

   
Кейде жүргізуші мәжбүрлі не байқаусызда түрде жол жүру ережесін бұзып, айыппұл алуы мүмкін. Әрине, айыппұлды уақытылы төлеген абзал. Дегенмен әр түрлі жағдайға байланысты ұзақ уақыт төлей алмасаңыз айыппұлдың күшін заңды түрде жоюға болады.
Айыппұл – бұрыннан келе жатқан жаза түрі. Бұл көптеген мемлекеттердің азаматтық және қылмыстық құқығында қолданылады. Айыппұл дегеніміз – заңды бұзғаны үшін салынатын, әдетте мемлекет пайдасына өндіріп алынатын ақшалай қаражат.
Жол полициясы жүргізушіге ереже бұзғаны үшін айыппұл салса жеті тәуліктің ішінде 50% төлеу арқылы оның мөлшерін азайтуға болады. Сондай-ақ арнайы камералар салған айыппұлды да жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік бар.
Жол ережесін бұзған жүргізуші айыппұлды төлеуден жалтарып жүрсе әкімшілік жаза қолдану туралы шешімді мәжбүрлі түрде орындалуы бойынша үкім шығады. Бұл процесс екі кезеңге бөлінеді. Егер үкім күшіне еніп, алайда сот бір жылдың ішінде сот орындаушысына жібермесе ереже бұзған жүргізуші айыппұлды төлемеуге құқылы.
Сондай-ақ жүргізушіге істің мәжбүрлі орындалуға жіберілгені туралы ресми ескерту қажет. Әр айыппұлды Әділет министрлігінің ресми сайтында тексеруге болады. Егер арнайы қорда есіміңіз болмаса айыппұлды өшіруге болады. Ал кері жағдайда сот орындаушысынан хабар күтесіз.
Мерзімі 1 жыл 25 тәуліктен асқан айыппұлдың күшін жою үшін полиция бөлімшесіне жүгіну қажет. Есіңізде болсын, айыппұлды алған мекен-жай бойынша полиция басқармасына барасыз. Ол жерде жазбаша түрде не "Электронды үкімет" порталында арыз жазу арқылы айыппұлдың күшін жоясыз. 
23 тамыз 2020 ж. 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930