Біле жүріңіз!

   Тұлпарды тізгіндегендердің арасынан жиі бұзылатын жол ережесін байқасаңыз, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу және аялдамада тоқтау заңдылығын білмеу. Ендеше жүргізіушілер үшін керек ақпар ұсынамыз.
Егерде қауіпсіздік белдігін тағуды естен шығарып, бейне бақылау камерасының алдына тоқтай қалсаңыз, жай ғана күннен қорғағышты төменге қарай түсіре салыңыз. Сонда анықтағыш камералар көлік ішіндегі жағдайды бақылауға ала алмайды. Дегенмен ережені бұзбағаныңыз абзал. Жол сақшыларының назарына ілігіп қалсаңыз, 5 ЕК яғни 12 625 тг айыппұл төлейсіз.  Кейде асығып-аптығып көлік ішіндегі жолаушыны аялдама маңынан түсіріп кететін сәттер де көп кездеседі. Мұндай сәтте айыппұлдың да бағасы қалтаңызды қағып түсіреді.  10 АЕК-пен 25 250 теңгеңіз әп-сәтте жоқ болады. Аялдаманың маңында тек кешкі 22:00 лен бастап тоқтап тұруға болатынын біле жүріңіз.
Айыппұлды төлемей құтылуға бола ма?
ӘкҚБК-тің 890 бабына, 1 тарауына сәйкес, егер көрсетілген мерзім ішінде іс бойынша қаулы шығарылмаса, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін адам әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
ӘкҚБК 893 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам қаулы шыққан күннен бастап айыппұлды 30 күннен кешіктірмей төлеуі тиіс.

Айыппұлды сотқа жібермей төлеңіз

Егер айыппұлды уағында төлемесеңіз, сотқа жіберіледі. Онда қаулы шыққаннан кейін 30 күн ішінде төлеуге міндеттісіз. Олай болмағанда жеке сот орындаушыларының түрлі кедергілеріне ұшырайсыз, яғни олардың қызмет көрсету ақысын қосып төлейсіз. Сот үкімін орындату үшін есеп-шоттарыңызды жаптыруы, егер айыппұл көлемі 20 АЕК-тен асса шетелге шығуға да кедергі жасауы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысымен бекітілген жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифіне сәйкес өндірілген соманың 25 пайызынан 3 пайызына дейінгі аралықта ақы төленеді: 60 АЕК-ке дейінгі сомадан 25%, 60-тан 300 АЕК дейінгі аралықта – 20%, 20 000 АЕК-тен жоғары болса – 3% мөлшерінде ақы төленеді.
10 қыркүйек 2019 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031