» » Қызылордада «Мың бала» республикалық жобасы аясында зияткерлік ойын өтті

Қызылордада «Мың бала» республикалық жобасы аясында зияткерлік ойын өтті




Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты зияткерлік ойыны өтті.

Аталған ойынға қалалық білім ошақтарынан 15 оқушы қатысты. Мемлекеттік тілді үйретудегі инновациялық идеяларды жинақтау және тарату мақсатында өткен ойынды «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Гүлзира Сәрсенбек жүргізіп, қатысушы топтарға «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы туралы ақпарат берді.


Оқушылар карантин режимін сақтай отырып, үш бағыт бойынша жарысты.

Kahoot.it – цифрлық smart сервисі арқылы қосылып, «Тіл – ұлы байлық», «Полиглот» және «Брэйнг ринг» кезеңдерінде өз білімдерін ортаға салды. Нәтижесінде бірінші орынды №10 «Білім-инновация» мектеп лицейі, екінші орынды Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы, үшінші орынды Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп-лицейі, төртінші орынды №198 Ж.Нұрманов атындағы орта мектебі, бесінші орынды Н. Ахмадеева атындағы №112 орта мектептің оқушылары иеленді.


Зияткерлік ойынға қатысып, белсенділік танытқан 5 топтың қатысушыларына «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Қанат Ақылбеков диплом мен сыйлықтар табыстады.
23 тамыз 2020 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031