Қызылордада жас бітімгерлер арасында сайыс өтті
Қызылордада Достық үйінде Медиация күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен жас бітімгерлер арасында интеллектуалдық сайыс өтті.
Сайысты Достық үйіндегі медиация кабинетінің жетекшісі Қанат Ақылбеков жүргізді. Қаладағы №189, №5, №7 мектеп-лицейлерінің жас бітімгерлері «Медиатор», «Жас балалар», «Best lawyers», «Еріктілер», «Алға» топтары болып бөлініп, сайысқа белсене қатысты.
Шара басталмас бұрын оқушылар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Медиация құрылымының атқарған жұмыстары жайында толыққанды ақпарат алды. Оқушылар карантин режимін сақтай отырып, үш бағыт бойынша өз білімдерін сынап көрді. Kahoot.it – цифрлық smart сервисі арқылы қосылып, бірінші Ата заң – Конститутция, екінші Медиация саласы бойынша және үшінші логикалық сұрақтарға жауап беріп, жас бітімгерлердің шапшаңдығы мен білімі көрінді.
Сайыс нәтижесінде I орынды – «Медиатор», II орынды – «Жас балалар»,III орынды – «Best lawyers», белсене қатысқаны үшін – «Еріктілер», «Алға» командаралары марапатталды.