» » Спортшылардың ұялы байланысына 30 млн теңге бөлiндi – ҰОК

Спортшылардың ұялы байланысына 30 млн теңге бөлiндi – ҰОК

Ұлттық Олимпиада комитетi 2018 жылы Пxенчxанда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарында спортшыларға қандай қолдау көрсетiлетiнiн айтты.
«Бiз жеке-жеке қолдау көрсетпеймiз. Ұлттық Олимпиада комитетi тарапынан спортшыларымызға қосымша iссапар шығындарына қаржы бөлдiк. Бұл олардың ұялы байланысты пайдаланып, емiн-еркiн сөйлесуiне қажет. Бұл демеушiлердiң есебiнен шамамен 30 миллион теңге», - дедi Үкiмет отырысанан кейiн ҰОК Бас хатшысы Данияр Әбілғазин.
ҰОК өкiлi Олимпиада ауылындағы жағдаймен де таныстырды. Оның айтуынша, бөлмеде екi адамнан орналасады. Әртүрлi ас берiледi, бiрақ қазақстандық аспаздар бармайды. Данияр Әбілғазиннің мәлiметiнше, Пхенчхан қаласына қазақстандық делегация құрамында 138 адам барады. Олардың iшiнде 46 спортшы, 30 бапкер, 10 кешендi-ғылыми топ мүшесi бар. Атап өтсек, бұған дейiн Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы қысқы Олимпиадада қай спортшылардан жеңiс күтетiнiн айтқан болатын.
31 қаңтар 2018 ж. 792 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031