» » Оқытудың дәстүрлі форматына қайтару қалай іске асырылады

Оқытудың дәстүрлі форматына қайтару қалай іске асырылады

Білім беру онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талаптар әзірленеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Орта білім саласына тоқталсақ, қашықтан оқыту аясында отандық нарыққа сегізден астам білім беру платформасы шығуда. Біріқ платформалардың функционалы мен мүмкіндіктері әртүрлі. Министрлік оқыту процесін толыққанды іске асыру үшін қажетті функционалды алуға мүмкіндік беретін білім беру онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеп, біріздендіріп, іске асыратын болады», – деді министр Үкіметтің отырысында. Сонымен қатар ол оқытудың дәстүрлі күндізгі форматына қайтару қадамына тоқталды. «Білім беру ұйымдарын оқытудың дәстүрлі күндізгі форматына қайтарудың тиісті тәртібі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге әзірленеді», – деді А. Аймағамбетов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдау кезінде Президент толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды. Мұнымен қоса, Мемлекет басшысы білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді жүктеді.
03 қыркүйек 2020 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031