Келіндер сынға түсті
2020 жылғы 26-28 тамыз күндері аралығында Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық – ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Келіні жақсының керегесі алтын» атты онлайн жас келіндер байқауы өткізілді.
Байқау Instagram әлеуметтік желісінде онлайн түрде @qogam.kzo және @kelinka_aidanka парақшаларында жүргізілді.
- Қазақ келіндерінің отбасылық тәрбие, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту мен оны сақтау;
- Келіндеріміздің қазаққа тән ибалылық, нәзіктік, инабаттылық қасиеттерін байқау;
- Жас келіндер өздеріне қойылатын талаптарды білуі;
- Ақ босағадан алғаш аттаған жас келіннің атқарар міндеттері.
Байқау 4 кезең бойынша өтті:
І кезең – Таныстыру, сәлем салу түрі;
ІІ кезең – Ас әзірлеу;
ІІІ кезең – Өз өнері;
ІV кезең – Тікелей эфирде қатысушылармен сұрақ – жауап. Қызылорда облысының жас келіндерін Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі басшысы Есмаханов Алмасбек мырза марапаттады.
Жеңімпаздарға
І орын – теледидар,
ІІ орын – микротолқынды пеш,
ІІІ орын – мультиварка және арнайы ынталандыру сыйлықтары, қатысушыларға арнайы дипломдар, алғыс хаттар берілді.
Ең көп дауыс жинаған қатысушы «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды. Байқауға қатысушыларды құттықтаймыз.