ЖАС КЕЛІНДЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Қатысушылар байқау шарттары бойынша алдымен өздерін таныстыры, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрып жайында қойылған сауалдарға жауап берді. Мұнан соң өздері жасаған қолөнер бұйымдары мен әзірлеген асы қазылар алқасына ұсынып, ұлттық киім үлгілерін көрсетті Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Арықбалық ауылының жас келіні Гүлсанат Оңдашова жеңіп алса, ІІ орынға қос келін Назкен Мұсаева мен Мөлдір Жұбантаева лайық деп танылды. Үздік үштікті Ақнұр Шәлтікова мен Әйгерім Жәббезбайқызы түйіндеді. Сәні мен салтанаты жарасқан келіндер сайысында қазылар алқасын ақ жаулықты әжелер құрады. Бәсеке соңында үздік деп танылған келіндер түрлі аталымдар бойынша марапатталып, оларға сый-сияпаттар табыс етілді.