» » ЖЕДЕЛ САТЫЛЫ КӨПІР

ЖЕДЕЛ САТЫЛЫ КӨПІР

Бүгінде аймақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұған дейін Абай даңғылы, Қазыбек бикөшелерінде жолаушылар үшін көрнекті көпір салынса, енді міне, Жібек жолы көшесі бойынан жаңа жер үсті өткелі салынуда. Әр көпір өзіндік, қайталанбас архитектурасымен ерекшеленеді. Жаңа көпірдің бір ерекшелігі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы жедел саты қызмет етеді. Бұрын соңды мұндай көпір тек Алматы мен Шымкент қалаларында бой көтерген. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жол бойымен өтуі үшін кірпіші қаланып жатқан өткелдің құрылысы қазір 80 пайызға аяқталып отыр. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, мән жайын білу үшін маңайына бардық. Жобалық құны 175,513,930 теңгені құраған нысанның құрылысын мердігер мекеме «Техостнаска Ремсервис» ЖШС атқарып жатыр. Серіктестік құрылыс жұмыстарына ауыр техника мен 40 адамнан құрылған бригаданы жұмылдырып, жүйелі жұмыс жасауда. Қазір көпір құрылысының дені аяқталды. Бұйыртса, нысанды ақпан айының аяғына қарай пайдалануға береміз дейді жауапты мамандар. Олар жаңа нысанға 2 жыл кепілдеме беріп отыр. Бұл əрине, қала көркіне көрік қосып, жаяу жүргіншілердің жол бойымен емін-еркін жүріп өтуін екі есе тиімді ете түсетіні сөзсіз.
Ерасыл ШӘРІБЕК
08 ақпан 2018 ж. 812 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930