» » » Тамақ ішінен телефон табылды

Тамақ ішінен телефон табылды

Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған адамға әкелінген тамақ ішінен рұқсат етілмеген заттар табылды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова мәлім етті."Қызылорда қаласының тұрғыны қамауда отырған адамға палау ішіне ұялы телефон, ұялы байланыс симкарталары мен 2 дана қуаттағыш құрылғысын салып өткізбек болған. Ол оны фольга кағазына орап, тамақ ішіне жасырған", - делінген хабарламада.
Оның айтуынша, қазір аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес іс-құжаттары дайындалған. Ол процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданған.
28 қазан 2020 ж. 8 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728