» » » ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ БАР ӨҢІРЛЕРДІ АТАДЫ

ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ БАР ӨҢІРЛЕРДІ АТАДЫ

 Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқының орын алу қаупі бар. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
     «Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірге көктемгі су тасқыны қатерін азайту үшін кешенді шаралар атқарды. Қазгидрометтің болжамды мәліметтері бойынша, жалпы елімізде қар көлемі нормадан төмен. Дегенмен, су тасқыны қаупі жердің көктемгі ылғалдану деңгейінің жоғары болуымен күрделеніп отыр. Қазіргі уақытта жер тоңының қалыңдығы 60 сантиметрден 1,5 метрге дейін жетеді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен біршама жоғары. Бірақ, қардың жиналуы да жалғасып жатыр», - деді министр.
    Оның дерегінше, ең күрделі жағдай мұздың еріп, Сырдария өзені суының деңгейінің артуына байланысты Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында болуы ықимал. Сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында да су тасқының орын алу қаупі бар.
    «Көктемі су тасқыны кезінде жағдайдың алдын алу мақсатында арнайы топтар құрылды. 49 мыңнан астам адамнан тұратын бөлімдер жасақталды. 16800 техника бар. Су тасқыны болған жағдайда халықты қауіпсіз жерге көшіруге арналған бекеттер анықталып, бағдарлары белгіленген. Қажетті көлік құралдарымен де қамтамасыз етілген. Ұлттық гвардия мен Ішкі істер министрлігінің әскери жасақтары да дайын», - деді Қалмұханбет Қасымов.
    Министрдің дерегінше, жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 3,5 млн тонна текше метр қар шығарған. 8,5 мың тонна жанармай, 125 мың тонна қажетті материалдар бар. Әкімдіктер төтенше жағдайлар болған жағдайға 24,7 млрд теңге дайындап отыр.  
20 ақпан 2018 ж. 1 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031