ОНЛАЙН НЕСИЕНІ ТӨЛЕУ ОҢАЙ ЕМЕС
Мезгіл мәселесі
Бүгінде онлайн-несие беру ұйымдарының нарығы қызып тұр.Әлеуметтік желіде, аялдамада «жалақыға дейін ақша бере тұрамыз» деген жарнамадан аяқ алу мүмкін емес. Қойылатын талабы да жеңіл. Қажетті қаражатқа қол жеткізу үшін табысыңызды растап, туған-туысыңызды түгендемейді. Жеке куәлік нөмірі мен банк карточкаңызды жолдасаңыз, қаражат қолда деп есептесеңіз болады. Бірақ мәселе сол ұйымдардың пайыздық мөлшерінде. Жақында сол ұйымдар жайында сенатор Сергей ЕршовБас прокуратураға сауал жолдады. Онда онлайн несиенің займдары талдаусыз, тексерусіз, нақтылаусыз ұсынылатынына наразы екенін жеткізген.
Расында, әлеуметтік желіде несие рәсімдейтін 10-нан астам сайт тіркелген. Олар «Жалақыға дейін», «Тәулік бойы», «КТ нашар болса», «Бас тартусыз» сынды түрлі шартымен ерекшеленеді. Мәселен, «Честное слово» онлайн банкінің шарты бойынша қарызға ақша алсаңыз, алған соммаңызға күніне 1-2,5 пайыз үстемақы қайтарасыз. Ал несие алушылардың көпшілігі «Kaz Credit Line» микроұйымына жүгінеді екен. Өйткені, бұл ұйым ең төмен пайызбен 1млн. 500 мың теңге көлемінде қаржы береді. Тек уақытылы қайтарсаңыз болғаны. Ranking.kz порталының дерегі бойынша елімізде әрбір үшінші азамат банкке қарыз екен. Екінші деңгейлі банктерден несие алу қиынға соққан соң, адамдар микроқаржы ұйымына жүгінеді. Онлайн несие рәсімдегенде клиент мас немесе есірткі қабылдауы немесе әлдекім күш көрсетіп, күштеп несие алдыртуы да мүмкін. Оған бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Оған кейіпкеріміздің сөзі дәлел.
– Қаражат таппай, қатты қысылып отырғанымда онлайн несиеге тапсырыс беріп көрейін деп ғаламторды парақтадым. Шарттары да ақылға қонымды. 50-60 мың теңгені ірі банктерден несиеге ала алмайсыз. Содан онлайн-несиеге тапсырыс бердім. Сосын телефонға смс код келді. Сол кодты сайтта тергеннен кейін ол қол қою болып есептеледі екен. Бір айдың ішінде 60 мыңға алған ақшамды 130 мың қылып қайтардым. Сосын бір күнге екі күнге кешіксең қоңырау шалып мазаны қашырады. Ақша таппай қысылған кезде пайыздық үстемені ойламайды екенсің, – деді қала тұрғыны Қали Оспанов.
Мінекей, қаржы ұйымдарының көздегені де осы. Жылдам әрі, аз мөлшерде несие рәсімдеп6 көпшіліктің санасын улап қойған. MoneyMan.kz компаниясының дерегіне сүйенсек, әсіресе ер адамдар онлайн несиені пайдаланғысы келіп тұрады екен. 2017 жылдың бірінші жартысында олардың үлесі 53 пайызға жеткен. Компания «бізден несие алатындардың айлық кірісі – 120 мың теңгеден асатын 18-30 жас аралығындағы азаматтар» дейді. 2017 жылдың жарты жылдық қорытынды бойынша 135 542 адам онлайн несие алған. Бұл адамдардың ішінде 3,1 пайызы – бұрын несие тарихын жасамағандар.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА