» » » ГЕПАТИТТІҢ ТАРАЛУ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

ГЕПАТИТТІҢ ТАРАЛУ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

Нақты кезеңде Қызылорда облысында гепатиттің таралу жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Гепатит дегеніміз - бауырдың қабынуы. Оның: A, B, C, D және E деген түрлері болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. Мамандар гепатитті «жұмсақ, тыныш өлтіруші» деп атайды. Өйткені, адам ағзасында өмір сүретін вирус бірнеше жыл бойы көрінбеуі мүмкін.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімінің мәліметі бойынша, 2017 жылы облыста вирусты гепатиттері бар 3 376 адам тіркелген. Олардың ішінде алғаш рет анықталған науқас саны – 71. Жалпы, Қазақстанда гепатит бойынша 70 мыңға жуық адам тіркелген. Оның ішінде 5147 адамға алғаш рет диагноз қойылған.
Диспансерлік тіркеу туралы ресми мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы қазіргі Түркістан облысы (өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысы) мен Алматы қаласы гепатит бойынша көшбасшы қатарында болды.
Жоғарыда айтқанымыздай, Қызылорда облысында гепатиттің таралу жағдайы тұрақты. Вирус жасөспірімдерге аз әсер етеді. Кәмелет жасына толмағандардың ішінде 44 гепатит анықталса, оның екеуі алғаш рет анықталды.
Диспансерлік тіркеуде 34 жасөспірім бар. Бұл балалардың арасында алаңдаушылық туғызады. Өткен 2017 жылы 86 оқиға тіркелсе, оның ішінде алғаш рет 7 адам тіркеуге енді. Диспансерлік тіркеу үшін 69 бала қабылданды.
Ең жоғары көрсеткіш ересектер арасында. Жіліктің майлы басы – әйелді құрайды, олардың саны - 1656. Бүгінде ерлер арасында 1590 қызылордалық осы аурудан зардап шегуде. Алғаш рет гепатит алдыңғы буынның 62 өкілінен табылды, олардың 36-сы әйелдер.
«Жалпы, облыста гепатитті жұқтырғандар саны – 1 713 әйелді, 1663 ер адамды құрады», - дейді медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Вирусты гепатит тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлем үшін өзекті мәселе болып қала бермек. Дәрігерлер, ғалымдар бұл мәселеге оптимизммен қарайды. Гепатит емделеді және алдын алуға болады.
Вирустан қорғанудың негізгі жолдары: таза ауыз су, жеке гигиена талаптарын сақтау, тазалыққа жіті мән беру (соның ішінде, зарарсыздандырылған шприц, ұстара және медициналық отаға арналған т.б. құралдар), жыныстық қатынас кезінде сақтануды ұмытпау, иммунизация.
ДДСҰ мәліметінше, дәл осы иммундау шарасы жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік береді. Вакцина организмнің қорғаныс жүйесін белгілі бір аурудан немесе инфекциядан қорғауға жұмылдырады. Иммундау халық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екпе егу шарасын денсаулыққа салынатын тиімді инвестиция деп таныды. Қазақстанда жаппай екпе егу нәтижесінде соңғы 25 жылда В гепатитімен ауырғандар балалар саны 1234,5 есе, ересектер арасында аурудың таралу көрсеткіші 311,5 есе азайған.
«Қызылорда облысында алдын алудың арқасында топтық аурулар, вирустық гепатитте қайталанатын аурулар болмайды», - деді медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры Б.Исмаханбетов. Тегін медициналық көмектің арқасында Қазақстандықтарға мемлекет есебінен денсаулығын сақтауға, түрлі қауіпті аурулардың соның ішінде гепатиттің алдын алуға және емдеуге мүмкіндік береді.
Гепатиттің A, B, C, D және E деген түрлері болатынын жоғарыда айттық. Бәрінен қауіптісі – Е гепатиті. Оны ерте анықтау қиын. Сырқаттардың 90 пайызы - өткір гепатитке шалдығады: мұндайда науқастың көзі мен терісі сарғайып кетеді. Алайда, емделіп шыққан пациент бойында ауруға қарсы иммунитет пайда болады.
Сарғаю - гепатиттің айқын әрі көпшілікке жақсы таныс белгілерінің бірі. Бірақ кей жағдайда аурудың ешқандай белгісі байқалмауы да мүмкін. Сол себепті өзін жайсыз сезінген адам денсаулығы мен ағзасында болып жатқан өзгерістерге мұқият зер салғаны абзал. Вирус организмге түскеннен кейін бауыр жасушаларын зақымдап, оның қызметі бұзылады. Қабынған бауыр дер кезінде емделмесе жасушылардың орнында ешбір функция атқармайтын пайдасыз тін пайда болады. Кейін ол фиброз, циррозға немесе қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін.
А және Е гепатиті вирусы жуылмаған азық-түлік арқылы, ал қалған түрлері жыныстық жолмен және қан арқылы таралады. Бірақ бұл ауруды нашақорлар немесе жыныстық қатынас кезінде сақтанбайтын адамдар ғана жұқтыруы мүмкін деген сөз емес. Егер дұрыстап зарарсыздандырылмаса маникюр, татуировка жасайтын құралдардан, стоматологиялық және хирургиялық құралдардан да қауіп төнуі мүмкін. Тазалық сақтаған жағдайда вирус тұрмыстық жолмен таралмайды. В гепатиті анадан балаға жүктілік кезінде немесе босану барысында берілуі ықтимал.
Көптеген жағдайларда адам қажетті біліммен қаруланып, денсаулығына көңіл бөлсе бұл инфекцияны болдырмайды. Сарапшылар атап өткендей, сіз гигиенаны сақтасаңыз, дұрыс тамақтану, жаттығу жасау, зиянды әдеттерден арылу, уақытында медициналық тексеруден өту және профилактикалық мақсатта вакцинациялау арқылы елімізде дені сау ұрпақ қалыптасады.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлім
03 тамыз 2018 ж. 959 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031