» » » АУА САПАСЫ МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАНАДЫ

АУА САПАСЫ МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАНАДЫ

«Қазгидромет» 2018 жылғы 15 қаңтарда Қазақстанда ауа сапасын бақылайтын мобильдік қосымшасын іске қосты. Аталмыш қосымшаны қазірдің өзінде iOS және Android жүйесінде жүктеп алуға болады. Оның көмегімен Қазақстанның барлық аумағындағы атмосфералық ауаның сапасын бақылауға болады.
AirKZ-те 46 елді мекен және 84 экологиялық бекет туралы ақпарат бар. Пайдаланушы қажетті хабарламаларды қолмен таңдай алады немесе қосымша геолокация деректеріне сәйкес ең жақын орынды автоматты түрде анықтайды.
Қосымша (конфигурациясына байланысты) ауадағы ластаушы заттардың таңдалған орнында негізгі концентрациясын көрсетеді:
– Қосымшаны әзірлеу барысында біз оның аса қарапайым және пайдалы етіп жасауға тырыстық. Деректер сағат сайын жаңартылып отырады. Бақылау деректерінен басқа, AirKZ-те әрбір заттың және оның адам денсаулығына әсер ететін сипаттамалары бар, – дейді экологиялық мониторинг департаментінің директоры  Ольга Корнюхова.
Сондай-ақ, соңғы 24 сағат ішінде концентрациядағы өзгерістер динамикасы қолжетімді болады. Кескіндеме ШРК шегі асып кеткен кезде, кескіндеме масштабқа сәйкес келетін түске боялады.
17 қаңтар 2018 ж. 832 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930