» » » ҚЫЗЫЛОРДАҒА ҚОНАҚ КЕЛСЕ...

ҚЫЗЫЛОРДАҒА ҚОНАҚ КЕЛСЕ...

  Қызылорда қаласын бұрын көрмеген досыңыз қонаққа келсе, қаланы таныстыруды неден бастар едіңіз? Қызылордаға ғана тән ерекше орын іздейсіз ғой. Сондықтан біз сіздерге қызықты әрі танымал мәдени орындарды ұсынуды ұйғардық.
«ҚОРҚЫТ АТА» кесенесі.     Ізінен аңыз ерген Қорқыт бабаның ескерткіші – тарихи әрі қасиетті орын. Он бірінші ғасырда өмір сүрген данагөй мәңгілік өмір іздеген. Алайда неше түрлі аңызға арқау болған ғұмыры Сырдарияның бойында қобыз тартып отырып, қалғып кеткен кезде үзіледі. Шетелдік қонақтар да мұнда міндетті түрде келуге тырысады. Себебі Қорқыт баба туралы кітаптар сонау Ватикан мен Дрезденде сақталған. Ескерткіштің ерекшелігі: Қобыз бейнесінде салынғандығы әрі жел соқса, қобыз сарынына ұқсас дыбыс шығып, бойыңды әуен тербейді. Ал кешен жанындағы мұражайдан Сыр бойының тарихын біле аласыз. Егер қонағыңызбен Қармақшыға барудың сәті түспесе, оны Қызылорда қаласында орналасқан, дария жағасындағы еңселі ескерткішке апара аласыз. Жанында серуендеуге таптырмас әдемі саябақ та бар.

СЫРДЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫ
Сызыла аққан Сырдарияның сұлулығы өзгеше. Судың тамшысы, толқынның тербелісінен сыр табатын лириктер жиі келетін жағалауда керемет серуен құруға болады. Өткен жылы өзеннің сол қапталында қаланың екінші бөлігі тұрғызылды. Ондағы құрылыстардың дизайны да ерекше болмақ. Айтпақшы, жолай көрінетін Қызылорада атауының жанында суретке түсуді ұмытпаңыз!



«АНАЛАР АЛЛЕЯСЫ»
Аллея «Ана бақыты» атты ерекше ескерткіштен басталады. Бұл орын ана мен баланың, отбасылардың демалуы үшін арнайы ашылған. 5,5 метрлік ескерткіштің маңы керемет кездесу өткізуге қолайлы. Атауының өзі мейірім мен құрметті аңғартатын әдемі аллея тек Қызылордада бар.
Айдана ЖҰМАДИНОВА
04 ақпан 2018 ж. 1 780 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930