Грант тағайындау ережесіне өзгеріс енгізілді
Енді білім беру грантын тағайындау туралы электронды куәлікте үміткердің жеке мәліметтері мен ҰБТ-да жинаған ұпай саны жазылады
Үкіметтің қаулысымен "бакалавр" және "магистр" бойынша білім беру гранттарын тағайындау ережесіне өзгеріс енгізілді.
Қаулыға сәйкес, ереженің 2-тармағына тағы бір анықтама енгізіліп отыр. Ол – білім беру грантын тағайындау туралы электронды куәлік. Осы құжатта үміткердің жеке мәліметтері мен ҰБТ-да жинаған ұпай саны жазылады. Электронды куәлік ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады.
Бұдан бөлек, гранттарды тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның құрамына ену және төрағаны сайлауға қатысты өзгеріс енгізілді. Бұған дейін комиссияға білім беру саласындағы уәкілетті орган (білім және ғылым министрілігі – Sputnik Қазақстан), басқа да мүдделі мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен ЖОО ректорлары кеңесінің өкілдері кірсе, енді үкіметтік емес ұйымдар да осы жұмысқа атсалыса алады.
Бұрын республикалық комиссияның төрағалығына уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарған тұлға бекітілетін. Бұдан былай төраға комиссия мүшелерінің ішінен дауыс беру арқылы сайланады. Оның орынбасарын және хатшыны да таңдайды. Сөйтіп, комиссияның құрамы бекітіледі.
Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Комиссия отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі жиналғанда заңды деп есептеледі.
Айта кетейік, республикалық комиссиядан бөлек жергілікті атқарушы органдардың комиссиялары да бар. Олар әкімдіктердің есебінен тағайындалған гранттарды таратады. Ондай комиссияның құрамы облыс әкімі немесе республикалық маңызы бар қаланың басшысы бекітеді.
Оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін және жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсемін деушілердің кәсіптік пәннен және арнайы пәннен жинаған ұпайы ескеріледі. Сол сияқты шығармашылық даярлық бойынша арнайы пән мен шығармашылық емтиханның бағасына қарайды.
Конкурсқа қатысу үшін қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы бірнеше құжат тапсыру қажет. Олар:
Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады.
Ал шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілерді қоспағанда, оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерге ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 25 ұпай жинау керек.
Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20200610/14205299/grant-erezhe-ozgeris.html
Үкіметтің қаулысымен "бакалавр" және "магистр" бойынша білім беру гранттарын тағайындау ережесіне өзгеріс енгізілді.
Қаулыға сәйкес, ереженің 2-тармағына тағы бір анықтама енгізіліп отыр. Ол – білім беру грантын тағайындау туралы электронды куәлік. Осы құжатта үміткердің жеке мәліметтері мен ҰБТ-да жинаған ұпай саны жазылады. Электронды куәлік ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады.
Бұдан бөлек, гранттарды тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның құрамына ену және төрағаны сайлауға қатысты өзгеріс енгізілді. Бұған дейін комиссияға білім беру саласындағы уәкілетті орган (білім және ғылым министрілігі – Sputnik Қазақстан), басқа да мүдделі мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен ЖОО ректорлары кеңесінің өкілдері кірсе, енді үкіметтік емес ұйымдар да осы жұмысқа атсалыса алады.
Бұрын республикалық комиссияның төрағалығына уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарған тұлға бекітілетін. Бұдан былай төраға комиссия мүшелерінің ішінен дауыс беру арқылы сайланады. Оның орынбасарын және хатшыны да таңдайды. Сөйтіп, комиссияның құрамы бекітіледі.
Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Комиссия отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі жиналғанда заңды деп есептеледі.
Айта кетейік, республикалық комиссиядан бөлек жергілікті атқарушы органдардың комиссиялары да бар. Олар әкімдіктердің есебінен тағайындалған гранттарды таратады. Ондай комиссияның құрамы облыс әкімі немесе республикалық маңызы бар қаланың басшысы бекітеді.
Гранттар қалай тағайындалады?
"Бакалавр" дәрежесі бойынша білім беру гранттары ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижесіне қарай конкурстық негізде беріледі. Конкурс кезінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (қазақ немесе орыс тілі) және екі бейіндік пәндердің ұпай саны ескеріледі. Ал шығармашылық пәндер болса, емтихандардың нәтижесі есепке алынады.Оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін және жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсемін деушілердің кәсіптік пәннен және арнайы пәннен жинаған ұпайы ескеріледі. Сол сияқты шығармашылық даярлық бойынша арнайы пән мен шығармашылық емтиханның бағасына қарайды.
Конкурсқа қатысу үшін қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы бірнеше құжат тапсыру қажет. Олар:
- белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
- білім туралы құжат;
- ҰБТ сертификаты;
- 086-У үлгісі бойынша медициналық анықтама;
- жеке куәліктің көшірмесі.
- еңбек кітапшасы;
- жұмыс берушінің қолы мен мөрі қойылған қызметтік тізім;
- еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама;
- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді;
- мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жасалған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;
- жұмыс беруші рәсімдеген еңбек шарты, онда құжатты тоқтату күні мен себебі жазылуы шарт;
- жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы мәліметтер;
- жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады.
Қанша балл жинау керек?
Жоғары білімнің білім беру гранттарын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілерді қоспағанда, ұлттық университеттерге түсу үшін ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 65 балл жинау керек.- "Педагогикалық ғылымдар" бойынша кем дегенде 70 балл;
- "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария" бойынша кемінде 60 балл.
Ал шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілерді қоспағанда, оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерге ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 25 ұпай жинау керек.
Басымдық кімге беріледі?
Конкурс кезінде грантқа үміткерлердің ұпай саны тең болса, басымдық беру шарттары қарастырылған. Олар:- "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған тұлғалар;
- техникалық және кәсіптік білім алғаннан кейін мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;
- тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;
- жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;
- I және II топтағы мүгедектер, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы айғақтары жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғалар.
Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20200610/14205299/grant-erezhe-ozgeris.html