СӨЗ МАРЖАНЫ

  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» республикалық ғылыми-ағарту жобасы аясында «Сөз маржаны» облыстық зияткерлік байқауы өткізілді.
Мақсат – жастар арасында, оның ішінде оқушыларға мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Байқауды «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы, «Абай қазынасына саяхат» клубының жетекшісі Гүлзира Сәрсенбек жүргізді. Бұл жоба патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, Отанға сүйіспеншілікті арттыруға тәрбиелейді. Ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, халқымыздың сөз өнерін ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдана білуге үндейді.
Осы орайда «Кім тапқыр», «Қайым айтыс», «Құпия сөз», «Балама мағына», «Тіл өнері» кезеңдері бойынша сынға түскен қатысушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табу, ой-тұжырымын ашу, қойылған жұмбақтың шешімін тауып, фразеологиялық сөз тіркестерінің балама мағынасын айту т.б. сынды шарттарды орындады.
Сайыс нәтижесінде жүлделі І орынды №198 орта мектептің оқушысы Луиза Садиги, ІІ орынды №7 мектеп-лицейдің оқушысы Мұхамедали Ғафуров, ІІІ орынды №7 мектеп-лицейінің оқушысы Ильяна Ким иеленді. Жүлдегерлер мен олардың жетекшілеріне ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтарын ұсынды.

07 қазан 2020 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031