Республикалық жоба аясындағы ойын

Мемлекеттік тілді үйретудегі инновациялық идеяларды жинақтау және тарату мақсатында өткен ойынды «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Гүлзира Сәрсенбек жүргізіп, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы туралы айтып өтті.
Оқушылар карантин режимін сақтай отырып, үш бағыт бойынша жарысты. Kahoot.it – цифрлық smart сервисі арқылы қосылып, «Тіл – ұлы байлық», «Полиглот» және «Брэйнг ринг» кезеңдерінде өз білімдерін ортаға салды.
Нәтижесінде бірінші орынды №10 «Білім-инновация» мектеп лицейі, екінші орынды Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы, үшінші орынды Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп-лицейі, төртінші орынды №198 Ж.Нұрманов атындағы орта мектебі, бесінші орынды Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектептің оқушылары иеленді.