» » » Ақ орамал – ізеттілік белгісі

Ақ орамал – ізеттілік белгісі

  Достық үйінде «Бойтұмар-Ханым» қоғамдық қоры, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Ақ орамал – ізеттіліктің, инабаттылықтың белгісі» акциясы өтті. Акцияға «Бастаңғы» әжелер ансамблі, этномәдени бірлестіктің мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің белсенділері қатысты.

Тағылымы мол акция С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің «Бастаңғы» әжелер ансамблінің ән-шашуымен бастады. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшесі Константин Луца «Ана» туралы жырын ақ жаулықты аналарға арнады. Шара қатысушылары Аналар кеңесінің атқарған жұмысымен танысып, сурет көрмесін тамашалады.

Айта кетейік, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі 2014 жылы құрылған. Құрылған күннен бастап кеңес мүшелері отбасы мәртебесін көтеруге, отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ұрпақ тәрбиесіне байланысты көптеген іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Облыс бойынша 118 аналар кеңесі жұмыс істейді.

Ыстық бауырсақтан дәм татқан қатысушылар облыстық балалар ауруханасының ауласында, 300-ге жуық Сыр талы және жеміс ағаштарын екті. Тал егудің соңы спорттық сайыстарға ұласты.

22 қазан 2020 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031