АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Акцияға ЭМБ мүшелері, «Жаңғыру жолы» ЖҚ белсенділері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, белсенді жастар, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.
Шараны облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова ашып, облыстық соттың және қала әкімдігі аппаратының жауапты қызметкерлері пікір білдіріп, ойларын ортаға салды. «Ашық есік күні» акциясы барысында кәсіби және қоғамдық медиаторлар отбасы мен неке дауы, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер, жер, жылжымайтын мүлікке қатысты дау және өзге де даулы мәселелер бойынша тегін кеңес берді. Кез-келген азамат дауды шешу бойынша кеңес алу үшін Достық үйіне келіп, медиаторға сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды.
Аталмыш акция облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығында және облыстың аудан орталықтарында жалғасын тапты.