» » Орталықтың бағыттары қоғамның өзгеруіне үлкен септігін тигізеді

Орталықтың бағыттары қоғамның өзгеруіне үлкен септігін тигізеді

    Қызылорда облысындағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы волонтерлер қозғалысы орталығының бірыңғай ашық есік күні өтті. Оған этномәдени бірлестік басшылары мен белсенділері, облыстық ҚХА құрылымдары, ҮЕҰ өкілдері, жергілікті БАҚ өкілдері, волонтерлер қатысты.
Ашық есік күнінде «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев модератор болып, алдағы мақсатты жұмыстарға тоқталып өтті. «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл Волонтерлер жылы болып жарияланды. Жарлықта аталған тапсырмаларды іске асыру мақсатында Достық үйлерінің базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының орталықтары ашылды. Орталықтар волонтерлікті дамыту жөніндегі міндеттерді шешуге этномәдени бірлестіктер мен азаматтық қоғамның басқа да институттарын тарту бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай жалпыреспубликалық жүйесін қалыптастыру мақсатында құрылуда. Орталық құру туралы бастамасы ҚХА «Жаңғыру жолы» белсенділері тарапынан «Social Assembly» республикалық жастар форумында көтерілген болатын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады» демекші, этномәдени бірлестіктер мен жастар қоғзалысы, қоғамдық келісім, аналар кеңестерінің өкілдерін, медиаторларды, мәдениет және спорт қайраткерлерін волонтерлікке тарта отырып, волонтерлік қызметті дамыту осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу алдағы мақсатымыз»,- деді.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Волонтерлік қозғалыс орталығының басшысы Ильдар Гафуров сөз сөйлеп, аталмыш бағыттағы ауқымды жұмыстарға тоқталып, қосымшалар құру туралы ұсынысын білдірді. Қосымша құру арқылы волонтерлардың жұмысын жеңілдету, көмекке мұқтаж жандармен байланысты оңтайландыруды көздейді. Сонымен қатар қосымша жобасына балл қою арқылы волонтерлерді ынталандыруды негізге алады.
ҚХА волонтерлік қозғалысының негізгі бағыттары, қызметі мен құрылымдары жайлы толыққанды ақпаратты «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Қанат Ақылбеков берді. Ол қоғамдағы әлеуметтік, өзге де мәселелерді шешуде волонтерлік қызметтің маңызыдылығын арттыра отырып, жұмысты үйлестіру, бастамаларына қолдау білдіру секілді нақты жобалар жүзеге асырылатындығын алға тартты.
«Спорт» бағыты бойынша кәріс этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Юрий Ким сөз сөйледі. Қоғамда әрдайым қоғам игілігі үшін еңбек ететін адамдар бар. Волонтерлікті дамыту үшін жұмыла жұмыс істеп, тек қана жастар емес, барлық қалауы бар жүрегі жайсаң жандарды игілікті істерді жасауға шақырды.
«Білім» бағыты бойынша облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Александр Абанин тұщымды ойларын ортаға салды. Ол мектеп жасынан бастап волонтерлік дамуын қолдау және колледж, университетте оқып жүріп волонтерлікпен айналысатын жастарға қолдау білдіру ұсынысын ортаға салды.
Волонтерлік орталық бойынша 4 жоба қарастырылған болса оның ішінде медиация саласы бойынша волонтерлік қызметті дамытуға айқын көңіл бөлінген. Облыстық ҚХА өңірде медиация институтын насихаттау және ілгерілету жұмыстарын «Бітім» медиация орталығымен бірлесіп жүргізуде. «Келісім» бағыты бойынша «Бітім» медиация орталығының кәсіби медиатор-жатттықтырушысы Ләззат Бақтыбаева пікір білдірді.
Волонтерліктің ең негізгі бағыты - әлеуметтік сала. Волонтерлік жұмыстарын үйлестіруге бағытталған «Бірлік» жобасы бойынша «Жомарт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Майя Наримова масылдық пен мұқтаждық арасын ажырата отырып, жұмыс жасаумыз керектігін айтты. Сонымен бірге, өз дәстүрімізді жаңғырта отырып, ортақ мақсатқа мүдделі жақтарды бірлестіріп, шынайы мұқтаж жандарға көмек беру бағытында волонтерлік жұмысты жандандыру ұсынысын жасады.
Ал, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләй Ермағамбетова жастар тарапынан қарт кісілерге деген қарасу жұмыстары волонтер жылында жанданса дейді. Сол арқылы жастардың бойында ізеттілік сезімдерін оятуды көздейді.
«Ел Арай» қайырымдылық қорының директоры Асхат Байдәулет бірнеше жылдан бері волонтер болып келеді. Ол «Біздің қор бірнеше жыл қатарынан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп жұмыс жасап келеді. Бүгінгі облыстық ассамблеяның бастамасымен ашылған орталықтың бағыттары қоғамның өзгеруіне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Еріктілік ерлікпен пара пар. Біздің қор өткен жылы біршама жұмыстар атқарды. Шет жақтағы көгілдір отынсыз отырған үйлерге газ орнатып берді. Одан бөлек, жетім балалар мен қиын отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балалардың ой-өрісін арттыратын, әртүрлі жаттығуларды үйрететін спорттық, ойын-сауық шаралары, танымдық саяхаттар ұйымдастырылды. Алдағы мақсатымыз, мұқтаж отбасыларға қол көмегін көрсетіп, үй-үйлерді аралап, қораларына тал егіп, үй шаруашылығындағы жұмыстарына көмектесу, - деді.
Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы жоспарларды талқыға салды.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
18 қаңтар 2020 ж. 496 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031