» » » Дәстүрлі әншінің дәреметі

Дәстүрлі әншінің дәреметі

 Қалаға қарасты Ақсуат, Айдарлы, Бесарық елді мекендерінде қазақтың әншілік өнерінің аманатын арқалап жүрген дәстүрлі орындаушы, облыстық филармонияның әртісі Бақдәулет Қарғабаевтың «Ән-Аманат» атты  концерті өткізілді.
  Өзінің қоңыр үнімен тыңдарманның жүрегінен жол тапқан өнерпаздың концертінде  «Жайма қоңыр», «Ағайша», «Дүние-ай» сияқты халық әндері және «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі қазақ және өзге ұлт композиторларының шығармаларын да орындады. Сахна шымылдығы «Ел айырылған» халық күйімен түрілді. Мұнан кейін Нұрғиса Нұрбайдың жетекшілік етуімен «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің «Гүл-гүл жайна», «Тау ішінде», «Балымша», «Самалтау», «Гүлдариға», «Өсиет», «Сәулем-ай» сынды шығармалармен жалғасын тапты.
    Ән кеші Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және 2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.
      Жансая ҚЫДЫРБАЙ
26 ақпан 2018 ж. 1 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031