Өнеге

     
         Физика-математика факультетінің профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап “Бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет”,- деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: “Ал бұл болса жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 – тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады” деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік, тәртіптілік, сүйіспеншілік… Қосылап тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе байытатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 саны қалады. Профессор студенттеріне былай дейді: “Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түкке де тұрмайды”.
Өзінен өзі
Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалып дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдай таза тұр. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланған екен. Көршісімен кездескен сәтте, Арман шыдамастан мұның себебін сұрайды: «Сен есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің? Әр көргенімде үнемі тап-таза болып тұрады»,–дейді. Көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өзінен-өзі тазаланып, осылай болады»,–дейді.
28 желтоқсан 2017 ж. 1 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031