» » Жадында жүрсін жас ұрпақ

Жадында жүрсін жас ұрпақ


Жаңа дәуір, жаңа кезең, жаңа қоғамдық формация өз бағытын, талабын, жаңалығын ала келді. Бұл – уақыт заңдылығы. Солай бола тұрса да ұлттық санамызға, мінезімізге, тіпті өмір сүру дәстүрімізге, сол жаңа кезеңнің кері әсері де бар. Мысалы, қол еңбегімен орындалатын жұмыс түрлерінің азаюы сол арқылы адамның өсіп жетілуіне кері әсер ететін қимыл – қозғалыс әрекетінен шеттеп қалуы, ой еңбегінің дене қимылдарымен өзара үйлесімділік таппауы, адамды рухани деградацияға әкелер еді.
Материалдық құндылықтың, рухани құндылықтардан басып оза бастауы, адам баласының рухани тоқырауына әкеледі. Ойы саяз, айтары аз, пікірі жоқ, өмір сүру белсенділігі төмен, пайым – парасаты, ішкі-сыртқы мәдениеті жұрдай адам қоғамдық ортадан да шеттеп қалады. Кейде сананы тұрмыс билеп кететіні де бар. Кейінгі ұрпақтарға байлықты, бақытты, денсаулықты, мәдениетті, білім мен ғылымды, ар-ожданды, дайындап әкеліп бере қоймасы белгілі. Мұның бәріне әркім осы кезден ізденіс жасап бейімделуі керек. Ол үшін қазіргі аға, орта буын өкілдері – өсиетін, өнегесін мәңгілік елдің ұрпақтарына әр кез сан рет айтып отырса да артықтық етпейді. Әркім өз ұлын, қызын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіргісі келеді. Бірақ ол ұл-қыз ата-анасының қасында жүре бермейді ғой. Демек, оларды болашақ жеке өмір сүру дағдыларына да бейімдеу керек. Мәслен ертедегі гректер ұл-қызын 5 жасқа дейін суықтан, қараңғыдан, аштықтан, ыстықтан қорықпауға, 6-14 жас аралығында барлық өнерді бір мезгілде үйреткен. 15 жастан бастап қолына қару беріп, жауға қойған. Осы жерде 15 жас емес, 25 жастағы жігіт не істей алуы, не жасай білуі керек? Өнерді меңгерген бе? Демек неғұрлым берген тәрбие «ащы» болса, жейтін «жемісің» тәтті болар дегенге келеді. Пайғамбарымыздан бастап ұлы А. Құнанбаев, Л.Толстой, А.Островский де бастарынан көп қиыншылықтар өткізген. Дұшпандары да көп болған. Есесіне олардың да кейінгі ұрпаққа айтары да, айтып кеткені де көп болды. Ол үшін кейінгі ұрпаққа да көп оқып, көп біліу керек. Оқымаған адамның ойы тоқырайды. Көп оқыған, көп білген адам ешнәрсеге таңқалмайды. Ол үшін ешнәрсе таңсық емес. Денені де жас кезінен бастап шынықтырып өсіру керек. Адам тәнінің сұлулығы – бұл жан сұлулығы, адамның рухани жан-жақты жетілуінің өлшемі, көрінісі, келбеті. Ол бейне өзінің әдемі қимылы арқылы туындыларды, шығармаларды дүниеге әкеледі. Ал әлжуаз адам кімді қорғағандай, кімге қол ұшын бере алғандай? Бұл да кейінгі ұрпақтың әрқашан жадында болуға тиіс.
Қазіргі өмір сипаты өзгеше. Оған бейімделудің жолдарыда әртүрлі. Ол асуларды алу үшін күш, ақыл, ерік-жігер, еңбексүйгіштік керек. Сонда ғана кез келген қиыншылықты алып шығуға болады.
Жақсыбек Егізбаев,
республикалық «Ұлт тағдыры»
қоғамдық бірлестіктің Қызылорда
облыстық филиал жетекшісі                                    
21 желтоқсан 2017 ж. 1 066 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031