» » » Мөлдір Әуелбекова, әнші: СЫР ӨҢІРІНЕ БАСЫМДЫ ИЕМІН

Мөлдір Әуелбекова, әнші: СЫР ӨҢІРІНЕ БАСЫМДЫ ИЕМІН

Мөлдір Әуелбекованы «Ғашық жүрек» киносынан көрген сәттен бастап құрметтеймін. Оның өнері көпшілікке ұнайтыны жасырын емес. Сахнада өзін ұстау мәнерін де білеміз. Ол «Әдемі қыз» әнімен танылды. Осылайша өнер атты үлкен жолды таңдады. Міне, әдемі қыз Сыр өңіріне ат басын тіреді. ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Ән мен Әнші. Ұлы Дала Астаналарында» жобасымен бір топ әнші баспасөз мәслихатын өткізді. Сол сәтте әншімен әңгімелесудің сәті түсті.
– Мөлдір, Сыр өңіріне қош келдіңіз! Қызылорда сізбен несімен ұнайды?
– Қызылорданың ең бірінші тыңдарманы яғни халқы ұнайды. Өнерді бағалай білетін жандар, шығармашылыққа қызығушылық танытады. Қызылордаға жақын арада концерт қойдым. Сыр өңіріне басымды иемін.
– Ән таңдағанда ән бе, сөз бе? Қайсысы маңызды?
– Менен қаншама композиторлар ән ұсынып, "неге тойдың әнін айтпайсыз?" деп сұрайды. Ол табиғатымда жоқ. Қанша тырыстым айтып көрейін деп. Болмайды екен. Бәлкім менің табиғатым лирикаға жақын болғандықтан шығар. Бұл бағыт жаныма жақын емес. Мен тойға шығам, тойда көбіне тыңдайды. Бір жағынан өзімді өте бақытты сезінем. Халық әннің әуенін, мәтінін тыңдап, рахаттанып жатса, мен үшін үлкен қуаныш.
– «Мен сұқбатты қазақша беремін» дедіңіз. Барлық журналистке қазақша сұқбат бересіз бе?
– Иә, қазақ бола тұра, орыс тілінде сөйлегенді ерсі көремін.
– Ғаламторға қанша уақыт жұмсайсыз?
– Әлеуметтік желіге көп уақытым кетеді. Әсіресе инстаграмға. Қайда жүргенімді, қандай жұмыс атқарғанымды жариялап отырамын. Тыңдаушыларым менің не істеп жүргенімнен хабардар болса деймін. Кей сәттерде түсінбеушілік орын алады. Кімге сын айтылмайды дейсіз?
– Сын деп қалдыңыз. Сынды қалай қабылдайсыз?
– «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Егер сын орынды болса, оны қабылдаймын. Мені көбіне әлеуметтік желіде сынап жатады. Қарсылық танытып, ашуланар жайым жоқ. Керісінше қателікті түзетуге тырысамын.
– Қандай сыйлық алғанды ұнатасыз?
– Мен ұнататын нәзіктіктің символы – раушан гүлі. Мен үшін раушан гүлі үлкен сый.
– «Назар» атты қыздардан құралған топқа продюсерлік етесіз. Отбасы, сахна, продюсер, актерлігіңізді де білеміз. Қиыншылық тудырып жатқан жоқ па?
– «Назар» – менің шәкірттерім. Продюсер болу оңай емес. Десе де тырысып жатырмын. Топтың негізгі мақсаты – қазақ әнін заманауи ағымда қайта жаңғырту. Ерекшелігі – тек қана жанды дауыста ән шырқайды. Актерлікке келер болсақ, актриса болуға аса қатты ынтам жоқ. Ұсыныстар түсуде, бірақ мен қалаған рөлдер емес. Болашақта фильмге продюсерлік етуім мүмкін.
– Қандай арманыңыз бар?
– Армандар мақсатқа, мақсатым жоспарға, жоспарым іске асып жатыр. Аллаға шүкір.
– Әңгімеңізге рақмет!
26 шілде 2018 ж. 1 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930