» » Мөлдір Әуелбекова боксшының қолғабын қомақты қаражатқа сатып алды

Мөлдір Әуелбекова боксшының қолғабын қомақты қаражатқа сатып алды

   Атырауда «Astana Arlans» командасы боксшыларының қолғаптары аукционға қойылып, сатылды, -  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, кеше кешке бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) VIII маусымының жартылай финалдық ойыны аяқталды. Әлемдік додада WSB жобасының үш дүркін чемпионы «Astana Arlans» Ұлыбританияның «BritishLionhearts» командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Ойын  соңында аукцион өткізіліп,  бәссаудаға «Astana Arlans» командасы боксшыларының  қолғаптары қойылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, дүбірлі додада жеңіске жеткен Қамшыбек Қоңқабаевтың қолғабы  3 миллион 700 мың теңгеге сатылды. Сондай-ақ, әнші, эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова  Асланбек Шымбергеновтің қолғабын 600 мың теңгеге сатып алды. Аукционнан түскен барлық 7 миллион теңге науқас балалардың емделуіне жұмсалатын болады.
28 мамыр 2018 ж. 962 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930