» » » Қысылғаннан қыз болдық

Қысылғаннан қыз болдық

Қанат Архабаев, артист:
Сахнадағы қызықтар
   Сахна әлеміне көз жүгіртсек, түрлі-түрлі жайттар орын алады. Актер сол сәтте образдан шығып, көрерменге кейбірін білдіре бермейді. Біз бүгін актер Қанат Архабаевтың сахнадағы қызықты, есте қалған сәтін басылым бетіне жариялауды жөн санадық. Жас, талантты актер өткенге көз жүгіртіп, бір-екі оқиғаға тоқталды.
– Актерде сахна сыртында, спектакль барысында  болсын түрлі қызықты жайттар жиі болды. Соның бірі – Рахымжан Отарбаевтың "Нарком Жүргенов" атты спектаклі сәтінде орын алды. Спектакль қазақ өнеріне үлес қосқан жандарға арналған. Соның ішінде маған берілген рөл Құрманбек Жандарбековтікі. Сахнада Қанабек Байсейітов, Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұловамен бірге Темірбек Жүргеновті яғни Нарком Жүргеновті күткен сәт. Сахнада Ғабит Мүсірепов болу керек. Оны Арай Көшімбаев деген актер ойнайды. Спектакль басталды, зал көрерменге лық толы. Ғабит Мүсірепов қасымызда жоқ. Әрі-бері іздедім, сөйтсем Ғабит Мүсірепов сахнада жайбарақат, басын төбеге көтеріп отыр. Қасында спектакльдің режиссері Хұсейін Әмір Темір, бүкіл актерлар бар. "Неге бұлар Арайды сахнаға шығармайды, қалжыңдап тұр ма?" деген ойлар келді. "Енді не істейміз" деп абдырап қалдық. Сөйтсек, Арай Көшімбаевтің мұрнына столдың жиегі тиіп кеткен. Ол жанды тамырына тиіп, қан тоқтамай аққан екен. Жоғарыға басын көтергені қан тоқтату әдісі екен.  Сонда да Ғабит Мүсірепов сахнаға шықты. Үсті-басы қан. (галстук, көйлек).  Мұрнынан тағы да қан кетпесі бар ма? Ол маған қарап: "Қанат, жағдайды көріп тұрсың, әрі қарай өзің жалғастыр" деп сахнадан кетіп қалды. Оның қаншама сөздері бар, біздің диологтар бар. Ол –үлкен сахна. Қанша көрермен біздің қойылымды тамашалауда. Актерлер жуып-шайып, байқатпай жібердік. Қойылым соңында Ғабит Мүсіреповтің шығатын үлкен сахнасы бар еді. Оны да келісіп, спектакльді өзгеше құрастырдық. Кейіннен сұрасақ, көбісі аңғармаса керек.
Тағы бір естен кетпес қызықты оқиға бар. Ол да сахна барысында орын алған еді. "Қысылғаннан қыз болдық" деген спектакльде қыздың образын ойнаймын, яғни сахнада парик киіп шығамын. Негізі оның шешіліп қалуы қиын еді. Бірақ спектакль барысында басымнан түсіп қалды. Қалай екенін өзім де аңғармадым. Қасымда Эдик (Олжас Аманов) деген жігіт бар. Ол абдырап қалды. Сценарийде парик шешіліп қалу деген жоқ. Мен бірден парикті алдым да "Эдик, менің негізгі түрім осындай, мен саған жақсы көріну үшін парик киіп жүремін. Мені сүйсең осылай сүйесің, сүймесең өзің білесің" дедім. Ол да: "маған бәрібір, сені қалай болса да жақсы көремін" деп сәтті алып шықты.
01 қараша 2018 ж. 1 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031