Қызылордам
Қызылорданың жері ыстық көкте күннен,
Адамдары текті, асыл шеттерінен.
Талай-талай абадан тау тұлғалар,
Өзіңнің шығып еді шекпеніңнен.
Дауыл тұрса көрініп, дала мұңды,
Шаң көмкеріп алатын балағымды.
Алтын қазық өзіңсің оралтатын,
Естелікті еске сап бала күнгі.
Жан едім қадіріңді жете білген.
Күннің көзі сәтте бір көтерілген,
Сырдарияны асқызып арнасынан,
Көп арманның кетуші ем жетегімен.
Домбыраның жыр төгіп шанағынан,
Көкке өрлеген мен едім бала қыран.
Сыр мекенім өзіңсің - Қызылордам,
Ұлының жыр туғызған қаламынан.
Құт бітіріп әр басқан қадамдарға,
Сенде өскен жан сеп таппас алаңдарға.
Алынбайтын биік пен белес жоқ-ау,
Сырдың жерін баса алған адамдарға.
Атойлап естілсе де айдан дүбір,
Кіндігім бір өзіңе байланды бұл.
Туған жер Қызылордам бір өзіңді,
Жырлауға да жетпейді қайран ғұмыр.
Ернұр Бердіғали
Адамдары текті, асыл шеттерінен.
Талай-талай абадан тау тұлғалар,
Өзіңнің шығып еді шекпеніңнен.
Дауыл тұрса көрініп, дала мұңды,
Шаң көмкеріп алатын балағымды.
Алтын қазық өзіңсің оралтатын,
Естелікті еске сап бала күнгі.
Жан едім қадіріңді жете білген.
Күннің көзі сәтте бір көтерілген,
Сырдарияны асқызып арнасынан,
Көп арманның кетуші ем жетегімен.
Домбыраның жыр төгіп шанағынан,
Көкке өрлеген мен едім бала қыран.
Сыр мекенім өзіңсің - Қызылордам,
Ұлының жыр туғызған қаламынан.
Құт бітіріп әр басқан қадамдарға,
Сенде өскен жан сеп таппас алаңдарға.
Алынбайтын биік пен белес жоқ-ау,
Сырдың жерін баса алған адамдарға.
Атойлап естілсе де айдан дүбір,
Кіндігім бір өзіңе байланды бұл.
Туған жер Қызылордам бір өзіңді,
Жырлауға да жетпейді қайран ғұмыр.
Ернұр Бердіғали