» » » Әділ Ботпановтың шығармашылығына арналған кеш өтеді

Әділ Ботпановтың шығармашылығына арналған кеш өтеді

   Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде 2019 жылдың 29 қарашасы күні сағат 10.00-де тағдырлы ақын Әділ Ботпановтың 50 жасқа толуына орай және ақын шығармашылығын насихаттауға арналған "Мені өледі деген сөздер - ертегі" атты жыр кеші өтеді.
Жыр кешінде қалалық Жастар театрының композициясы тамашаланып, ақын өлеңдері оқылады. Белгілі эстрада әншілері ақын сөзіне жазылған әндерді орындайды.
Жас ақындардың республикалық жыр мүшәйрасы өткізіледі.
Жыр кешінде Ә.Ботпановтың өмір­дегі, өлеңдегі үзеңгілес достары, елімізге есімі танымал қаламгерлер естеліктер айтады.
Қасиетті қара өлең нәрімен сусындаймын деген барша талғамды тыңдарманға есік ашық.

«Қызылорда қаламгерлер қауымдастығы» ҚБ мен Қызылорда қалалық
 тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі.
Ақпараттық демеуші – «Сыр медиа» ЖШС.
15 қараша 2019 ж. 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30