Жырларым бар жүректе, сырларым бар
Қазалы ауданында ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шапағат» медалінің иегері, Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі Рүстем Жанайдың 75 жылдығына орай «Жырларым бар жүректе, сырларым бар» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығының ұйымдастыруымен өткен мүшәйраға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 13 ақын қатысып, өз бақтарын сынады.
Жастардың шығармашылығын арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету және өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткен жыр додасының қорытындысы бойынша бірінші орынды Арал ауданынан келген Айдар Сайлауов жеңіп алды.
Екінші орынды Ақтан батыр ауылының жас ақыны Ақжол Түменбаев қанжығасына байлады. Ал жүлделі үшінші орынға Шиелі ауданының ақыны Бекжан Ержігіт қол жеткізді.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды.