» » » Қызылордада Орталық зираттың аумағы өртенді

Қызылордада Орталық зираттың аумағы өртенді

   

Қызылорда қаласында «Орталық қазақ бейіті» аумағынан өрт шықты.
Өрт 4 қазан күні 12.30 шамасында тұтанған. Облыс орталығындағы А.Тоқмағанбетов көшесінің бойында орналасқан «Орталық қазақ бейіті» аумағында 2 гектарға жуық қураған шөп жанған.
«Өрт 15.24-те толық сөндірілді. Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 25 өрт сөндірушісі және 7 техникасы тартылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ», – деді өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі Бекзат Макулов.
Оқиға орнында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы, Қызылорда облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасы, жедел жәрдем бригадасы, «Қызылорда тазалығы» ЖШС мамандары жұмыс істеді.

05 қазан 2020 ж. 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031