» » Қызылордада көпқабатты үйден өрт шығып, 6 адам ауруханаға жеткізілді

Қызылордада көпқабатты үйден өрт шығып, 6 адам ауруханаға жеткізілді

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Шұғыла» мөлтек ауданындағы бес қабатты үйде шыққан өрттен барлығы 17 адам құтқарылды.
Оқыс оқиға сағат 11.15 шамасында болды. Облыс орталығындағы «Шұғыла» мөлтек ауданы 7 «А» үйдегі үшінші қабаттан өрт шықты. Ас бөлмесінен басталған жалыннан қысқа толқынды пеш, тоңазытқыш, кір жуғыш машина өртенді. Көпқабатты үйдегі өзге тұрғындар қауіпсіздігін сақтау мақсатында оларды құтқару жұмыстары жүзеге асты.
«Құтқарушылар 7 адам автосаты арқылы эвакуацияланды. Оның ішінде 2-і – бала. Ал өрт автосатысы арқылы 4 қабаттан 10 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды. Өрт 11.34-те сөндірілді. Апаттар медицинасы орталығының бригадасы облыстық медициналық орталыққа көмірқышқыл газынан улану белгісімен 4 адамды жеткізді. Ал «Жедел жәрдем» бригадасы 2 баланы облыстық балалар ауруханасына алып барды. Қаза болғандар жоқ. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 14 қызметкер 4 техникамен барды», – деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.
24 маусым 2020 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031