» » » Абайды үлгі тұтамыз

Абайды үлгі тұтамыз

   Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей, ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді. Мақала өскелең ұрпаққа әсер етеді.
Жалпы Абай Құнанбайұлы бала кезінен адамдардан ерекшеленіп, сол замандағы халық жанашыры болды. Осындай дара тұлғаны дүниеге әкеліп, өсіріп баққан Ұлжан, Зередей аналарымызға мың алғыс. Биыл міне, ұлы ойшылымыздың 175 жылдық мерейтойы, соған орай Елбасымыздан осындай мәнді, мағыналы мақала шыққанына алғыс білдіреміз.
Уақыт бір орында тұрмайды. Ұрпақ жаңарады, қоғам жетіледі, талап өзгереді демекші, Елбасы Абай болашаққа үмітпен көз тікті. Ол өлеңдерінде «жаңа өспірім, көк өрім», «тілеуі, өмірі алдындағы», «көкірегі сезімді, тілі орамды» жастарға үлгі бермек үшін ғибрат айтты. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» дей отырып, «дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген тағылымын үйретті. Міне, күні кеше Түркия елінде Абай атамыздың ескерткіші ашылды. Бұл қазақ елінің үлкен жетістігі деп білеміз. Қазағымыздың туы көкке желбірей бергей!
175 жылға орай тойда қаншама іс-шаралар жүзеге асуда. Мәдени, тарихи дүниелер паш етілуде. Абай өлеңі жастардың санасында сақталды. Қара сөзі жатталды. Абайдың ізімен жүруге, Абайша шешім қабылдауға тырысатын жастарымыз қаншама?! Біз жастар Абайды үлгі тұтамыз.
Сабыржан КЕҢШІЛІК,
"Qosyl" қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры
07 қазан 2020 ж. 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031