» » » Абайды тану үшін "Абай жолын" оқу керек

Абайды тану үшін "Абай жолын" оқу керек

    Бүгін Елбасының "Абай аманаты" тақырыбында мақаласы жарияланды. Бұл мақаланы оқыған адам көп нәрсені түсінуге, ұғуға болады. Аталмыш мақалада Абайдың кемеңгерлігі, кейінгі ұрпаққа берген насихаты айтылды. Бір мақала арқылы тұлғаның болмысы көрсетілді. Ұлы ақынның өшпес ерлігі паш етілді. Осы мақалада "Ұлы ақын, дана ойшыл Абай ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Ағартушылық немесе Ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналды. Үлкен білімпаз Құдайберген Жұбанов Еуропа руханиятымен салыстыра айтқандай, Абай – "өз ортасының Данте сияқты адамы", яғни халықтың дәстүрлі сөз өнерін, таным жүйесін, мінез бітімін түбірімен жаңаша түлеткен санаткер. Орыстар үшін Александр Пушкин, ағылшындар үшін Уильям Шекспир, немістер үшін Иоганн Гете, америкалықтар үшін Уолт Уитмен қандай болса, қазақстандықтар үшін Абай да – сондай рухани ұлы тұлға", – дейді. Расында Абай біз үшін ұлы тұлға болып қала береді.
Өзім Абайдың шығармашылығын жастанып оқимын. Уақыт болса "Абай жолын" қайта-қайта парақтай беруге бармын. Барлық томды екі қайтара оқып шықтым. Мұхтар Әуезовтей Абайды ешкім бейнелей алмайды. Сонысымен де ол кітап құнды. Жастардың нағыз оқитын кітабы. Абайды тану үшін "Абай жолын" оқу керек. "Абай кім?" деген сұраққа тосылып қалатындар да кездеседі. Осы сәтте оқулықты тағы да оқуға кеңес беремін.
Абайдың "Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма!" деген сөзді ұстаным етіп келемін. Бүгін баланы малдың соңына салып қоятын уақыт емес. Ол заман өткен, баланың болашағы жарқын болсын десең оқыт, білімін жетілдір. Қажет болса қосымшаға беріп, кітапқа деген қызығушылығын оят. Бұл жарқын болашаққа жетелейтін басты қадам.
"Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп..." Бұл – Абайдың мәңгі жасайтын қағидасы. Мұның ғажайып үлгісін мен қаршадайымнан көзбен көріп өстіп. Шамалған ауылында зұлмат заманның тауқыметін тартып, сонау жер түбінен еріксіз қоныс аударып келген түрлі ұлт өкілдері жапсарласа күн кешіп, қоян-қолтық араласа өмір сүрді. Олардың арасында месхет түріктері, чешендер, ингуштар, украйндар, немістер, қарашайлар бар еді. Біз өзіміз құралпы басқа жұрт балаларын еш жатсынбай, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай сезініп, құлын-тайдай тебісе жүріп жетілдік. Ал әкем Әбіш болса, түріне қарасаң татулық, тіліне қарасаң қазақшадан айырмасы шамалы бір малқар (ол кезде балқар деуші еді) отбасын үйімізге әкеп паналатып, жұмысқа орналастырды. Ішкен асымыз, жасаған тірлігіміз, көрген қызығымыз, шеккен қиындығымыз ортақ болғандықтан, тез арада туысып кеттік. Осындай ортада өскендіктен, адамзат баласын алаламайтын мінез бойыма ерте дарыды-ау деймін", – дейді Тұңғыш Президент. Бұл сөзінде оның Абайға деген құрметін байқаймыз. Абайды ұстаным еткен Елбасы Абайды тереңінен зерттеді, өмір жолына үңілді.
Биыл – Абайдың 175 жылдық мерекесі. Елбасы өз тапсырмасында дүркіретіп тойламау керегін айтты. Барлық істі бақылауына алды. Аста-төкті, орынсыз қаржы жұмсауды жөн санамады. Өткізілетін шаралар арнайы қабылданып, шешім шығарылды. Бірақ жағдайдың барлығы Елбасының тікелей қадағаланумен жүзеге асты. Салғырттыққа, немқұрайлылыққа, атүстілікке жол берілмеді. "Ұлы Абайдың 175 жылдығы биыл адамзатқа қатер төндіріп, коронавирус індеті жайлаған уақытпен тұспа-тұс келіп қалды. Аталған дерттің зардабы жер жүзіндегі мемлекеттердің ешбірін айналып өткен жоқ. Бірақ жарқын келешекке деген сенім пен сындарлы әрекеттің арқасында бұл уақытша қиындықты еңсеретін боламыз. Абайдың сөзіне жүгінсек: "Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?", – дейді Елбасы өз мақаласында.
Бұл мақала Абайға арналғандықтан барлығымыз жапа тармағай оқып шықтық. "Не айтылды" деп бірден назар аударғанымыз да сондықтан. "Абай аманаты" тақырыбындағы мақаланы жарыса жариялап та жібердік. Себебі мақалада түйер ой, пайымдар дүние көп.
Қуаныш ЖАНҰЗАҚОВ,
облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
07 қазан 2020 ж. 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031