» » » Илья Ильин оқушылармен кездесті

Илья Ильин оқушылармен кездесті

  Қазақстанның туын көкке көтеріп, мемлекетімізді әлемге танытқан Сыр өңірінің тумасы, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде онлайн кездесу өткізді.
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері зияткер оқушылармен кездесіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісу туралы ұсынысты қуана қабылдады. «Даналық бейсенбінің» төрінде құрметті мейман зияткерлермен онлайн-сұхбаттасып, әлемдік аренада рекорд орнатқан ұмытылмас сәттерімен және кез-келген жетістікке жетудегі ұстанымдарымен бөлісті.
«Зілтемірмен алғаш рет 2 сыныбымда таныстым. Ағаммен бірге спортзалға барып, бұл спорт түрімен әуестендім. 7-сыныпта ауыр атлетикамен кәсіби деңгейде шұғылдана бастадым. 13 жасымда спорт шебері, 17 жасымда әлем Чемпионы атандым. Бірақ ол кезде мен жеңімпаз болуға талпынбайтынмын. Жай ғана сүйікті іспен айналысып, қалай жетістікке жеткенімді байқамадым», – дейді Илья.
Табысқа жету жолында сәттілік пен қиындықтар қатар жүретіні заңдылық. Бірақ ол кедергілер құндылықтарды қайта бағалауға үйретіп, өздігінен дамуға және бойындағы тұлғалық қасиеттерді дамытуға негіз болады. 
«Өмірімдегі барлық ауыр кезеңдер менің тұлға болып қалыптасуыма септігін тигізді. Алған үлкен өмірлік тәжірибемді пайдаланып, бөлісуге дайынмын. Ата-анамның үнемі көрсеткен қолдауы мен бапкерлердің берген тәлімі үшін әрқашан қарыздармын. Олар – менің ең мықты мотивациям», – деп бөлісті зілтемірші.
Бүгінде Илья Александрович туған жерінде спорт саласын дамытуда жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруда. «Мұз айдыны» спорттық кешеніне жетекшілік етуімен қатар аймақта ауыр атлетикадан спорт мектебін ашу бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Кездесу барысында оқушылар спортпен үнемі шұғылдануда өз-өзіңді дағдыландыру, қысқа және ұзақ мерзімді істерді жоспарлаудың тиімді әдістері мен табысқа жетудегі кеңестер туралы ақпарат алды. Бір уақытта тікелей эфирге қосылған мың жарым көрермен Илья Ильинге танымды және пайдалы ақпаратқа толы сұхбатына алғыстарын білдірді.
13 қазан 2020 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031