» » » Қызылордадан 800-ге жуық азамат әскерге аттанады

Қызылордадан 800-ге жуық азамат әскерге аттанады

   Сыр елінен күзгі мерзімде 800-ге жуық азамат әскерге аттанады. Бүгінде 111 жас әскер қатарына қосылды. Жас сарбаздар әскери борышын ҚР Ұлттық ұлан қызметінде және ҚР Қарулы күштері қатарында өтейтін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы ҚІЖД мерзімді әскерге шақыру бөлімінің бастығы Нұржан Мелдебеков мәлімдеді.
«Күзгі шақыру үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде басталды. Желтоқсан айының аяғына дейін жалғасады. Азаматтарды жөнелту санитарлық шараларды сақтай отырып жүргізілуде, – деді майор Нұржан Беркімбайұлы.«Биыл өңірде әскери міндетті атқару шеңберінде жергілікті бюджеттен 200 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аталған қаражат дәрігер мамандардың еңбекақысына, әскерге шақырылушыларды тасымалдауға, облыстық және қала, аудандық шақыру пункттерін күтіп-ұстауға, сондай-ақ, жетіспейтін медициналық материалдық-техникалық құралдар мен шығыс материалдарын сатып алуға және үш мезгіл ыстық тамақпен қамтуға жұмсалады. Қазіргі таңда, медициналық комиссиялар тиісті білікті дәрігер-мамандармен және медициналық құралдармен толық қамтамасыз етілді, – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин.
14 қазан 2020 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031