» » » ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ТАЛ ЕГЕДІ

ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ТАЛ ЕГЕДІ

Облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері тал егу акциясын бастады. Аталмыш акцияға жастар белсене атсалысты. Бұл шараға үлкен кісілер мен оқушылардың да атсалысқанын ғаламтордағы суреттер арқылы аңғаруға болады. Мұнда еріктілер де бар. Тал валонтерлар аллеясына егілді. Себебі аллея келер жылы ашылып, пайдалануға беріледі.
Жүрегі мейірімге толы, қандай жағдай болсын көмекке асық еріктілердің енді өз аллеясы болады. "Волонтерлар аллеясының" ашылуы келер жылға жоспарланған. Алайда "Ертеңін ойлаған тал егеді" деген жастар оны абаттандыру ісіне кірісіп кетті. Олар шуақты күнде бас қосып, "Кітап құрттарының" "Кітап сыйла!" акциясына да қатысты, ән айтты, демалыс күнді осылайша сәтті өткізді.
Айта кету керек, қала әкімдігі қолдаған шараға волонтерлардан бөлек, белсенді тұрғындар, жас та жасамыс та үлес қосты. Белсенді қатысушылар "Абзал и К" компаниясының арнайы сыйлықтарына ие болды.

22 қазан 2020 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031