» » » Үздік кітапханашылар анықталды

Үздік кітапханашылар анықталды

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында облыс кітапханашылары арасында өткен «Жыл кітабын бірге оқимыз» атты онлайн байқаудың жеңімпаздары анықталды. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен байқауда Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» шығармасын талқылау ұсынылған болатын.
Аудандық, қалалық және ау­ылдық кітапхана қызмет­кер­лері сайысқа белсене қатысып, бейнеролик әзірледі. Осылайша кі­тапханашылар  туындының маз­мұнын оқырманға қызықты етіп жеткізуге тырысты.
Байқау қорытындысы бо­йынша үздіктер анықталып, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада жеңімпаздарды марапаттау  рәсімі өтті. Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 кенттік кітапхананың кітап­ханашысы Айнұр Әбілтаева І орын, Арал аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Гүлнұр Шалманова ІІ орын, Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылдық кітапханасының кі­тап­ханашысы Гүлнар Қып­шақбаева ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар арнайы диплом­дармен марапатталып, сый­лықтар табысталды. Сондай-ақ, бірнеше кі­­тапханашыға ынталандыру сый­лығы табысталып, қатысу­шылар алғыс хаттармен марапатталды. 
Айта кету керек, шараға «Қазақстандық салалық мәде­ниет, спорт, туризм және ақпа­рат қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы демеушілік көрсетті.
«СБ» ақпарат
24 қазан 2020 ж. 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30