«Қайырымдылық керуені» байқауы үшінші мәрте өткізіледі

Биыл үшінші рет ұйымдастырылған ауқымды шараны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Хабар агенттігі» АҚ, республикалық «КТК» телеарнасы және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені бірлесіп өткізуде.
Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге атсалысып жүрген, көмек қолын созып, басқаларға игі істерімен үлгі бола білген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Лауреаттар әдеттегідей «Асар», «Туған жер», «Мейірім жолында», «Батыл жүрек», «Қайырымдылық тарихы» сынды бес номинация бойынша анықталады. Айта кету керек, конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар қатыстырылмайды.
«СБ» ақпарат.