» » » 21 жыл өрт сөндіру қызметінде

21 жыл өрт сөндіру қызметінде

Азаматтық қорғау прапорщигі Сисенбаев Ерлан Сағидуллаұлы 1974 жылы жылы 19 қаңтарда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Білімі орта, азаматтық қорғау саласында 1999 жылдан бастап Жалағаш ауданы №11 өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып қызмет етуде.
Ерлан Сағидуллаұлы 21 жыл азаматтық қорғау саласында қызмет атқаруы кезінде түрлі жағдайлар орын алған. Ол 300-ден астан өрт оқиғалары мен төтенше жағдайларға қатысып, адам өмірі мен материалдық құндылықтарын аман алып қалу үшін тер төккен.
Ерлан Сағидуллаұлы әңгіме барысында жүргізушінің міндеті жол жүру ережелерін сақтап, шығу ауданын жақсы меңгеру қажет екендігін, орын алған өрт оқиғасы кезінде қарауыл бастығының тапсырмасын орындап, өрт сөндіру автокөлігінен тоқтаусыз су беруді қамтамасыз ету керектігін айтты. Бұдан бөлек өртке қарсы қызметінің жауынгерлік және қызметтік жарғыларын, өрт сөндіру техникасының қыр-сырын жетік меңгеруі қажет. Құтқарушы мамандығы – үлкен жауапкершілікті қажет ететін қызмет. Олардың ең басты міндеті - адам өмірін құтқару. Құтқарушылар халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу үшін күні-түні халыққа қалтқысыз қызмет етеді. Қызметтері қиын да, қауіпті. Құтқарушы болу кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Оған білім мен тәжірибе керек. «Азаматтық қорғау туралы» Заңы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың алдын алуға және жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүргізетінін айтты.
Ерлан Сағидуллаұлы осы қызмет барысында «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІ, ІІІ дәрежелі медальдары, облыс, аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған.
Бүгінде Ерлан Сағидуллаұлы 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр, ұлы Дінмұхамед Астана қаласындағы медициналық университетінің 7 курс студенті, қыздары Әйгерімі Астана қаласындағы медициналық университетінің 4 курс студенті және Таңнұры №123 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы.

Жалағаш ауданы ТЖБ
01 қараша 2020 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930