» » » Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті

Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бизнес қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ бастамасымен ұйымдастырылған шараға кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер мен қаржы институттарының басшылары қатысты.
Аймақ басшысы пандемия кезінде экономикалық табыс көле­мін сақтап қалу үшін биз­несті әртараптандыру, жаңа инвес­тициялық жобалар тарту арқылы кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істеудің тиімділігін атап өтті.
– Шағын және орта бизнес иелері кәсібінің тоқтап қалуы, мұнай өндірісі көлемінің азаюы эко­номикаға әсер етеді. Бұл жағдайдан шығу үшін әртүрлі қадамдар жасауға тиіспіз. Биыл біз 270-ке жуық әртүрлі жобалар қамтылған арнайы экономикалық даму картасын жасадық. Оның ішінде биыл 71 жоба басталып та кетті. Инвесторларды тарту арқылы да әртүрлі жобаларға қаржы бөлінбек. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ барлық қаржы институттары мен екінші деңгейдегі банктерге әлеуетті жобаларды ұсынады, сондай-ақ өңір кәсіпкерлерінің проблемалық мәселелерін ше­шуге ықпал ететін болады. Бұл ретте банктердің назарынан тыс қалған жобаларды қолдау мақ­сатында ауыл кәсіпкерлерін жеңіл­дікпен несиелендіруге бағыт­талған «Қызылорда» өңірлік инвес­тициялық орталығының қыз­ме­тін 2025 жылға дейін ұзарттық. Аймақтың дамуына, жаңа жұмыс орындардың ашылуына ықпал жасайтын жобаларды қолдайтын боламыз, – деді облыс әкімі.
Кездесуде облыс әкіміне өн­діріс, ауыл және балық шаруашы­лығы, халыққа қызмет көрсету салаларын дамытуды көздейтін ірі және шағын 12 инвестициялық жоба таныстырылып, 2 жоба қайта толықтырылуға берілді. Жалпы сомасы 3 613 млн теңгені құрайтын бұл жобалар 262 жаңа тұрақты жұмыс орнын құруды көздейді.
Жиынға шақырылған әрбір кәсіпкер өз жобаларының маңыз­дылығын қорғап, банк арқылы қаржыландыру тетіктеріне тоқ­талып, облыс әкімінің назарына ұсынды. Мәселен, арнайы техника сатып алу,  құрылыс дүкенін ашу, сантехникалық бұйымдар өндірісі, мектеп оқушылары арасында барлық пәндер бойынша турнирлер ұйымдастыру сынды жобалар қаралды. Сонымен бірге өңірдің өнді­рістік әлеуетін көтеруге арнал­ған әйнек өндірісі мен мұнай қалдықтарын өңдеу, жиһаз цехын іске қосатын жобалар қолға алынбақ. Ауыл шаруашылығы сала­сында да бірқатар жобалар таныс­тырылды. Атап айтқанда, кәсіп­керлер түйе және ірі қара мал өсіру, бал өндіру, жылыжай салу, балық шаруашылығын дамыту жоба­ларына қаржылай қолдау сұрады.
Мәселен, «Мырзабай» шаруа қожалығы 20 жылдан бері егін, мал шаруашылығымен айна­лысып келеді. Жақында олар бал арасын өсіру ісін қолға алды. Енді экспортқа өнім шығаруды көздеп отыр. Оған сұраныс барын да жеткізді. қожалық иесі шаруашылығын дамыту мақ­сатында қолдау күтетінін айтты.
Кездесу барысында екінші деңгейдегі банктер мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ бизнес-жобаларды одан әрі қаржыландыру және іске асыру үшін инвестициялық жобаларды іріктеп алып, кәсіпкерлердің бірқатар ұсынысын қолдады.
Облыс әкімі жиын соңында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ барлық қар­жы институттарының инте­г­ра­торы және өңірдегі әлеуетті жо­­баларды қолдау жөніндегі оператор бо­латынын атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.
«СБ» ақпарат
14 қараша 2020 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031