» » » Қызылордада мешіттерде құлшылық етуге рұқсат берілді

Қызылордада мешіттерде құлшылық етуге рұқсат берілді

Қызылорда облысында діни рәсімдерді өткізуге рұқсат берілді.Енді мешіттерде жұма намазын қоспағанда, бес уақыт намаз оқуға болады. Ұжымдық ғибадат етуге залдағы адамдар саны 100 адамнан аспауы керек.
«Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 25 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде, діни обьектілерде жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық құлшылық етуге болады. Бүгінде облыс бойынша 178 мешіт бар. Барлығы карантин талаптарын сақтауда. Естеріңізге сала кетейік, мешітке келушілердің бетпердесі болуы шарт. Бұған қоса, мешіт қызметкерлері дене қызуын өлшеп кіргізеді. Жамағаттың парыз, сүннет және жекеленген намаздарын оқу арақашықтығы 2 метрден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, жамағатқа қойылатын талаптар мешіттің кіреберісінде тақтайшада көрсетілген», – деді облыстың бас имамы Болатбек Абуов.

16 қараша 2020 ж. 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031