Childfree


Жақында бір кафеде болдым. Болашақ туралы сырласып отырған қыздар бар екен. Сол кездегі қыздардың бірінің айтқан жаңалығы мені қатты толғандырды. Ол болашақта тек іскер әйел болуды, тұрмыс құрса да бала сүйгісі келмейтінін, яғни "чайлдфри" деген бағытты ұстанатынын жеткізді.
Чайлдфри – childfree– ағылшын тілінде «баладан бос» деген мағынаны білдіреді, яғни өзінің жеке басы үшін өз еркімен баладан бас тарту.
– Ана бақыты ше? – деді бір қыз шыдай алмай.
– Мен бала туып, бала тәрбиелеуге жаралмаған жанмын.
– Мүмкін қазір солай шығар, мансабыңды өрлетіп, көп ақша тауып, мақсатыңа жеткенде бәлкім басқаша ойларсың?!
– Жоқ, мен бәрін де ойланып-толғанып шештім, – деп нық айтты.
Childfree термині осы аттас бағытпен байланысты өткен ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та «адам құқығын қорғау» үшін дүниеге келген.
«Мен баласын кез келген қоқыс жәшігіне тастап кетіп жатқан көкек-анадан жақсымын. Баланы қорлап, далаға тастап кеткенше, оның жарық дүниеге келмегенін дұрыс деп санаймын» деп өз уәжін көлденең тартып отыр.
Әрине, әркім өз ұстанымы бойынша өмір сүреді. Шетелде бұл ұстаным түбегейлі орныққанын да естіген боларсыздар.

Раушан ЖОМАРТҚЫЗЫ
20 қараша 2020 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031