» » "Ана" деген атқа кейбір қыздарды бІртүрлі қимайсың

"Ана" деген атқа кейбір қыздарды бІртүрлі қимайсың

Жақында көз дәрігеріне қаралдым. Сонда бір кісі немересімен келді. Алдымен көздің қысымын өлшетті. Әлгі бала қазақша түсінбейді екен. Әжесі "қартайғанда орысша сөйлеуге мәжбүрміз. Анасы "ұлымның болашағы үшін" деп орыс мектебіне берді. Енді отбасымызбен орыс болып кеткеніміз бар" деді.
Иә, баласын орысша мектепке әдейілеп беретін ата-аналар көп. "Тілін үйренсін, білсін" дейді. Дегенмен бала алғаш әліппені қалай бастайды, соған дағдыланып кетеді ғой. Жамағайынымның қызы бірінші сыныптан бастап орыс мектебінде білім алды. Атасы қазақша мектепке ауыстырған еді. Келіні "баланың білімі нашарлап кетті" деген сөзді алға тартып, қайтара орыс мектебіне ауыстырды. Қазір 8 сыныпта оқиды. Дегенмен бірде бір қазақша білмейді, түсінбейді де. Достарының барлығы орыс. Әжесі "айналайын, шырағым ана тілің ғой, бір ауыз болса да үйренсеңші" десе, келіні "ой, апа қазір қазақша білген тиімді емес. Депутаттың өзі орысша сайрағанда, оның орыс тілінде оқығанының несі айып? деген екен". Құрбым екеуміз кітап алмақшы болдық. Ол орыс әдебиеті шығармашылығынан іздеді. Өзіне лайықты деген кітаптарын алды. Қазақша кітап беріп едім, "керек емес" деген сынай танытып, басын шайқады.



"Жалпы қазақ әйелді қатты сыйлаған. Өйткені әйел деген сол халықтың барометрі сияқты. Халық рухани дамыған кезде, өрлеген кезде әйелдің де мінезі, қылығы, мәдениеті өте жоғары болады. Халық ыдырай бастағанда бәрі – әйелден басталады. Мысалы, қазір біздің жағдайымыз, мәдени жағдайымыз, ұлттық тұтастығымызды негізінен бұзып отырған қыз балалар, әйелдер. "Неге?" – дейсіз ғой. Мысалы, біз "ана тілі" дейміз. "Ана тілі" деп ананы құрметтегеннен қоямыз. Ананың сүтін емгенде, оның – тілін, әнін, әуенің, қылығын нәресте бірге жұтады. Ал, қазір біздің қыздардың құрығанда 60 пайызы тек орысша сөйлейді. Ауыз бен тілде солай. Интернеттен де бүкіл мәліметті орысша алады және өзінің баласын орыс балабақшасына апарады, яғни орысша тәрбиелейді. Әлі күнге дейін солай. Міне, бірінші біздің әйелдерден осыны байқаймыз. Қазіргі жастар осыны түзетуге ұмтылу керек" деген еді Бексұлтан Нұржекеұлы бір сұхбатында.
Жаңа дүниеге келген нәресте отбасына қарап бой түзейді. Олар қай тілде сөйлесе сол тілде ол да сөйлейді. Бойында қазақтың қаны болса, қазақша шүлдірлейді. Кейін үйреніп кетеді де жазуға машықтанады. Ал біз не істейміз, өзге тілді, өзіңе таңсық тілді үйренуге мәжбүрлейміз. Осылайша орыс мектебіне жібереміз. Ол кімге керек? Сіздің түсінігіңізше баланың болашағына керек. Бірақ бұл үлкен қателік. Қазақ азаматының тағдыры қазақ тілімен байланысты болуы тиіс. Онсыз да мінберден сөз сөйлейтін қазақ азаматтар өз тіліне шорқақ. Бұның басты себебі орыс мектебінде білім алғаны. Қазақ болып туған соң қазақ тілінде сөйлеу керек. Бұл әр
бір тұлғаның азаматтық борышы.
Иә, барлық нәрсе әйелге байланысты, қыздарға байланысты. Қазақ қызы тәрбиеленбей ұлт ешқашан мықты болмайды. Қазір біздің ұлттық тәрбиемізге құрт түсті. Оны емдей аламыз ба? Емдей алмаймыз ба? Асқындырып аламыз ба? Ол енді жауабы жоқ жұмбақ.
Мөлдір САБЫРЖАН

18 сәуір 2019 ж. 893 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031