» » » ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ МҰХТАР ШАХАНОВЫ

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ МҰХТАР ШАХАНОВЫ


Әдеттегідей жұмыс күні еді. Редактордың тапсырмасымен мақалаға дерек іздеп, ойша мәселенің мән-жайын пайымдап отырмын. Бидай өңді, әлдебір жас жігіт есіктен еніп, «Ақмешіт жастары» газетінің редакциясы осы ма»,-дегенде барып жалт қарадым. Бас изей бергенім сол еді, «Өлеңімді әкелген едім»,-деп келген шаруасына көшті.
  • Келіңіз, жайғасыңыз! Алдымен аты-жөніңізбен таныстырсаңыз...
  • Мен – Мұхтар Шахановпын...
 Бірнеше секундтың ішінде әлденеше ой санамда заулап сала берді. Оның өзіне сенімділігі сондай, тосылып, таңырқап қалғаным, түрімнен байқалып тұр, бірақ үндемейді. «Өзін Мұхтар Шахановқа теңегені ме, өлең шығарғанына қарағанда,  әлде сол кісінің баласы не туысқаны ма? Мені сынап айта салған болар». Қисынсыз ойлар қаптай жөнелді.
  • Иә, Мұхтар Шахановпын. Жасым 27-де. Менің де өлең шығаратын қабілетім бар,-дегенде ғана жас Мұхтардың өзіне де, сөзіне де сеніммен қарап, зейін қоя тыңдадым.
Қызылорданың Шахановы 1942 жылы соғыспен арпалысып емес, 1990 жылы тәуелсіздіктің елең-алаңында дүниеге келген. Ата-анасы Мұхтардай нар тұлғаның қасиет-қабілеті дарысын деген ниетпен есім беріпті. Жақсы сөз бен жақсы ниеттің текке кетпейтіні рас қой, ұлдары қара өлеңнің Құлагерін ерттеп мінбесе де, сөз қадірін түсінетін азамат боп ержетеді. Қаламнан ауыр дүние жоқ. Сырды, сезімді, мәселені де жайып салатын өлеңге оның да таласы бар. Әйтсе де таңдаған мамандығы, қоғамда аса қажетті – электрдәнекерлеуші. «Өмірде тосын оқиғаларға жиі тап болатын шығарсыз» деген сұрағыма, «көбіне әлеуметтік желіде шатасып, жастар жиі достық ұсынып, хат жазады»,-дейді күліп. Ата-анасының, екі бауырының қамқор ағасына айналған, арманшыл Мұхтар Шахановпен біз осылай таныстық...
Айдана ЖҰМАДИНОВА
21 желтоқсан 2017 ж. 962 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031