» » » Бес әлеуметтiк бастама Қазақстанның барлық азаматтарын қамтиды - Назарбаев

Бес әлеуметтiк бастама Қазақстанның барлық азаматтарын қамтиды - Назарбаев

Бес әлеуметтiк бастама Қазақстанның барлық азаматтары үшiн жұмыс iстейдi. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы
Ассамблеясының 26-шы сессиясында осылай айтты.
«Бiз сыртқы күрделi жағдайлар мен қиындықтарға қарамастан бес жаңа жобаны бастадық. Бұны бiз артық қаржы мен ресурстар болғаннан кейiн бастап отырған жоқпыз. Бiз қазақстандықтардың өмiрiн жақсартуға қарқын беруге ниеттiмiз. Нелiктен 5 жаңа әлеуметтiк бастама ұсынылды? Бұның үш негiзгi себебi бар. Бiрiншiден, талдау бойынша кейiнгi кезде әлемнiң түрлi аймағында жағымсыз жағдайлар орын алып жатыр. Бұған кейбiр мемлекеттердiң басқа егемен елдердiң iшкi жұмысына араласуы себеп. Басқа да себептерi бар. Бұл әлеуметтiк бiрлiк пен ұлт iшiнде интеграцияның жоқтығы», - дедi Назарбаев.
Елбасының айтуынша, дамыған елдер - бұл саналы түрде әлеуметтiк платформасы нығайтылатын мемлекеттер.
«Әлеуметтiк және мәдени капитал - бұл маңызы жоқ салалар емес, тұрақты өсiм драйверi. Шынымен де, экономика саласындағы жаңа бiлiм, цифрландыру, өндiрiстiң роботталуы, технологиялық инновациялар басқа сипаттағы әлеуметтiк, мәдени капиталды қажет етедi. Сондықтан, бiздiң жаңа әлеуметтiк бастамалар жаңа экономиканың дамуына қарқын бередi. Мен ұсынған бес әлеуметтiк бастама Қазақстанның барлық азаматтары үшiн жұмыс iстейдi және бiздiң бүкiл халқымыздың дамуына ықпал етедi», - дедi Нұрсұлтан Назарбаев.
Атап өтсек, биылғы сессия «Бес әлеуметтiк бастама - қоғамның әлеуметтiк бiрлiгiнiң тұғыры» тақырыбымен өтiп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 5 наурызында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жариялады. Онда әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту және елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру мәселелері атап көрсетілген.

28 сәуір 2018 ж. 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031