ЖАЮЛЫ АЛАҚАН

    Елбасы «Ешуақытта біреуге иек артуға болмайды. Мемлекетке алақан жаю жастарға жараспайды. Мемлекет тек қана жұмысын істеген қарияларға зейнетақы төлеу керек және жұмыс істей алмайтын мүгедектерге көмектесу керек. Ал аяқ-қолы аман, дені сау адамдардың барлығы өз еңбегімен өзін, отбасын асырау керек. Жастар «мемлекет маған не береді» деп емес, «мен елім үшін, жұртым үшін не істеу керекпін» деген ұстанымда болу керек. Сонда ғана біз гүлденеміз», –  деген еді «Жас Отан» жастар қанатының ІІ сьезінде. Дегенмен Үкіметке сенім артып, алақан жаятындар қатары көбейді.
   Қоғамдық көлікке міндім. Қасыма бір келіншек жайғасты. Ол қалта телефоннан бас алмады. Дабырлап біреумен сөйлесті. Әңгімесі автобустың ана басынан, мына басына дейін естілуде. Бір аңғарғаным, қоғамдық көлікке мінгенде әдеп сақтамаймыз. Бірі ұрсады, енді бірі «өсек» айтады. Ол жүргізуші түгілі автобус ішіндегі адамның зығырданын қайнатады. Құп делік, телефондағы әңгімеге көшейік.
  – Күйеуім әскери бөлімде жұмыс істейді. Заң бойынша 3 жылдан кейін үй берілу керек. Біз әлі күтіп отырмыз.
 – ...
– Үйсіз емеспін әрине, өз үйімді пәтерге бере саламыз. Қазіргі таңда үйдің артығы жоқ. Жан-жақтан пайда тауып, қаржы жинау керек емес пе?
– ...
Мемлекет жастарға жағдай жасауы тиіс...
   Жаңа базардан Шығармашылық үйіне келгенше әңгіме осылайша өрбіді. Осыдан ой келді, неге осы Үкіметке алақан жаямыз?
Жағдайы төмен отбасы, көп балалы ана, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаға жағдай жасасын. Басқасына не жорық? Жұмыс істеп, ақша жинап, тер төгіп үй салсын. Екі қолға бір күрек табылады емес пе? Ата-бабамыз шөп орып, кесек құйып, күріш еккен. Бір жыл емес, он жылда там салған. Оған дейін лашықта күн көрген. Десе де біреуге алақан жаймаған. Ал қазір Жайна, Ақжан, Ескі базар аймағына барыңызшы. Қайыр тілеуші жап-жас, тепсе темір үзетін жігітті көресің. Жаның ашиды, жының да келеді. Бізді жаудан құтқаратын жігіттің түрін көріп, еңсең түседі...
Әлеуметтік желіге бас сұға қалсаңыз, құлап қалған үйлерді көресіз. Мәтіні мынандай «Бұл үйдің сыйқы өздеріңіз көріп тұрғандай қараусыз. Жөндеу жасалмаған, әктелмеген. Құлау алдында тұр. Үй салып беретін қайырымды жан болса деген тілегім бар. Әкімшіліктің есігін қанша қақтық, көмектесуге ниет білдірер емес».
Бір істі бастамас бұрын немесе көңілімізден шықпай қалса "Әкімшілік қайда қарап отыр" деп шыға келеміз. Тіпті біреу жұпыны үйде тұрса да әкімшілік кінәлі. Сонда ол үйдің отағасына жұмыс істеп,  ақша табуына болмас па? Қашанғы әкімшілікке үміт артамыз?  Өздігімізбен күн көріп,  қашан барға қанағат тұтамыз?
Мөлдір САБЫРЖАН
      
21 маусым 2018 ж. 1 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031