» » » Елімізде билер сотын жандандыру ұсынылды

Елімізде билер сотын жандандыру ұсынылды

Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен республикада билер сотын жандандыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікір ведомствоның кеңейтілген жиналысында айтылды.  "Дауды азайтудың тиімді жолы билер сотын жандандыру. Бұл мәселе күн тәртібіне сұранып-ақ тұр. Сот төрағалары билер сотын енгізу мәселесін қарастыруы керек. Әрбір елді мекенде құрметті, абыройлы азаматтар бар. Оларды дайындап, медиация курстарында оқытып, би мәртебесін беру қажет. Олар бюрократиясыз, сотсыз, сөздің күшімен-ақ қақтығысты шешіп, тараптарды ортақ шешімге келтіре алады. Сонда қоғамда дау азайып, сотқа түсіріп отырған ауырлықты жеңілдетер еді", - деп пікір білдірді Сағатбек Сүлеймен.
"Бабаларымыздың билер соты сияқты мұрасын қайта жандандыруымыз керек деп ойлаймын. Құрметті сот төрағалары, бұл мәселенің шешім жолы өз қолдарыңызда", - деді ол Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі сот корпусына.
13 шілде 2018 ж. 910 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930