Археологтар ең ежелгі нан қалдықтарын тапты
Археологтар әлемдегі ең ежелгі нан қалдықтарын тауып, осыдан 14 мың жыл бұрын аспаздық өнердің болғанын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Independent басылымына сілтеме жасап. Бұл ғылыми жаңалық адамның тамақтануына, әлеуметтік, мәдени және идеологиялық аспаздық дәстүрлерге көп өзгерістер енгізуі мүмкін. Бұған дейін ең алғашқы аспаздық өнер мың жыл бұрын пайда болғаны айтылып келген еді. Жақында археологтар күрделі аспаздық өнердің алғаш рет Таяу Шығыста 14 400 жыл бұрын пайда болғанын анықтады.
Ол кезде азық тек тамақтану үшін қажет етілді. Сондықтан да болар, ежелде азық-түлік қауіпсіз тұтыну мен көбірек энергия жинау мақсатында өңделген. Яғни, тамақтың ең бастысы энергетикалық құндылығы болған.