ҮМІТТІ АҚТАУ ПАРЫЗ

Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде білім саласына түрлі мүмкіндіктер жасалған. Айталық, «үштілділік – заман талабы», сабақтар үш тілде өтіп, мектептеріміз түрлі технологиялармен жабдықталған. Бір сөзбен айтсақ, сауатты да саналы шәкірт тәрбиелеу жолында барлық жағдай қарастырылған. «Мен жастарға сенемін!» (М.Жұмабаев). Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, перзентінің болашағын ойлап, шыр-пыр болатын ата-анамыз, «бала – балым, баламның баласы – жаным» деп тілеуімізді тілер ата-әжеміз болашағымыздың бұлыңғыр болмауын тілейді. Ал, сол үкілеген үмітті ақтау – басты мақсаттың бірі. Осыдан кейін ойланыңыз: «Мен сол үмітті ақтай аламын ба?» деп. Әрине «иә», тек оған талпыныс жасап, көп тер төгіп, мақсатқа жетпей тынбау керек.
Зере МАХАМБЕТӘЛИЕВА ,
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Қамыстыбас ауылы,
Қамбаш орта мектебінің 11 сынып оқушысы